Арухат Жаңбырбайқызы ережесіз жекпе-жек спорт түрінен күміс жүлдеге ие болды

Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің №5 мектеп гимназиясының 10 «Ә» сынып оқушысы Иброва Арухат Жаңбырбайқызы Болгария мемлекетінде өтіп жатырған Әлем Чемпионатында «ММА ережесіз жекпе-жек» спорт түрінен күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды жергілікті өңірдің осы салалық құрылымының баспасөз қызметі.

Бала күннен спортқа бейім Арухат Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің Оқушылар Шығармашылық Үйінің «Кудо» үйірмесіне 5 жылдан бері қатысып, көптеген жетістіктерді бағындыруда. Болашақта чемпион болуды көздеген Арухаттың жаттықтырушысы Бекмағанбетов Оңғар оқушысына үлкен үміт артып, сенім білдіреді. Арухаттың ата-анасы Көпеков Жаңбырбай Ыбырұлы мен Шырақбаева Назгүл Сауытбайқызы баласының спортқа қызығушылығын қолдап, әрдайым демеу болып, болашағынан зор үміт күтеді.

Қазіргі таңда Арухат «ММА ережесіз жекпе-жек» спорт түрінің Қазақстан Республикасының құрама командасында 70 кг салмақта өнер көрсетіп жүрген кәсіби спортшысы. Арухатты бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, жарқын болашақ пен толағай табыстар тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий