Халықаралық олимпиададағы қостанайлық дарындардың жеңісі
Осы аптаның басында математика, физика, информатика пәндері бойынша оқушылардың ХХVIII халықаралық «Туймаада» олимпиадасы ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Беделді олимпиадалардың біріне әлемнің 7 елінен: Қазақстан, Ресей, Индонезия, Румыния, Сингапур, Болгария, Ираннан 250-ден астам оқушы қатысты. Біздің елдің атынан 74 қатысушы бақ сынады. Қостанай облысының намысын дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 2 оқушысы қорғады: Самойленко Арсений (9 сынып, физика) және Даутов Жан (8 сынып, математика). Арсений мен Жан – 2021 жылғы республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегерлері.
Загрузка...Сондай-ақ Арсений биыл «Жас зерттеуші»/ «Жас жаңашыл» номинациясы бойынша «Жас Өркен» -2021 Республикалық сыйлығының гран-приін жеңіп алды. Екі күн бойы қатысушылар осы олимпиада үшін арнайы дайындалған күрделі авторлық есептерді шешті. Арсений Самойленко «Туймаада» Халықаралық олимпиадасының қола жүлдегері атанды! Арсенийді, оның тәлімгерлері мен ата-анасын жеңісімен құттықтаймыз!