“Оқу-сауықтыру орталығында балаға тәрбие берудегі жалпыадамзаттық құндылықтардың рөлі” тақырыбы талқыланады
2021 жылғы тамыз айының 5-і күні, сағат 14.00-де, «Бөбек» ҰҒПББСО Оқу-сауықтыру кешенінің педагог-ұйымдастырушысы Мейрамкүл Сисенова тікелей эфирде «Оқу-сауықтыру орталығында балаға тәрбие берудегі жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие жұмысы» тақырыбы бойынша сөз сөйлейді. Іс-шара Фейсбук желісінің «Бөбек» Өзін-өзі тану» парақшасында жарияланады, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.