Жаңа оқу жылында 17 мыңнан аса сырбойылық бүлдіршін бірінші сыныпқа барады

Биыл бірінші сыныпқа балаларды стандартқа сәйкес электронды және қағаз нұсқасында оқуға қабылдауға мүмкіндік берілді. Бұл үшін әрбір білім беру ұйымдарынан өзіне-өзі қызмет көрсету “egov” бұрышы ашылып, ата-аналарға қызмет көрсетілді, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Балаларды оқуға қабылдау бағытында сұратылатын құжаттар саны да қысқартылды. Сондай-ақ, 1/3 қағидаты енгізілді. Тамыз айының 1-не дейін 17 693 бала 1 сыныпқа қабылданды. Оның 15 914-і қазақ, 1779-ы орыс сыныбына білім алуға өтініш білдірді. Айта кетейік, биыл 1-11 сынып аралығында 174 600 оқушы басқармаға қарасты білім беру мекемелерінде білім алады деп жоспарлануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий