Жаңа оқу жылындағы тоқсандар мен демалыстардың мерзімі бекітілді

Білім және ғылым министрі Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі. 

Құжат бойынша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалды: 1) Жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады. 2) Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді.

Каникул кезеңдері: Бүкіл сыныптарда – күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), – қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), – көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында). 1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий