Павлодарлық зияткердің жаңа жеңісі

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Хайдар Қаирбек Токиода өткен 53-ші халықаралық олимпиадада өз жетістігімен тағы да қуантты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жапонияда онлайн өткен пәндік олимпиаға әлемнің 79 елінен 300-ден аса оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларының оқушылары өз білімдерін көрсетті. Павлодарлық Хайдар Қаирбек мықтылармен абыройлы додаға түсіп, білімі мен тәжірибесінің арқасында екінші орынды иеленді. 12 сынып оқушысы Хайдар Қаирбектің химия пәніне деген қызығушылығы 7 сыныптап басталған. Жаттықтырушысы әрі химия пәнінің мұғалімі Асылбек Оразбайұлының жетекшілігімен түрлі республикалық, халықаралық сайыстарға қатысқан.

– Менің ойымша, халықаралық химиялық олимпиадалар оқушының осы ғылымдағы білімі мен қызығушылығының көрсеткіші болып табылады. Өйткені, оның бағдарламасы мектептегіден бөлек. Одан да күрделірек. Бұл өз кезегінде жан-жақты іздену мен тәртіп дағдыларына үйретеді. Сондай-ақ, Азия және Ресей елдерінің университеттеріне түскенде жақсы бағаланады. Халықаралық олимпиадаларда орын алуымның арқасында Кореяның KAIST университетіне оқуға түстім. Сондай-ақ, американдық Colby College университетіне оқуға түстім, – дейді павлодарлық зияткер.

Биылғы химиялық олимпиада бұрынғыдан өзгеше. Себебі, білім додасы онлайн форматта өтті. Қатысушыларға дайындалған тапсырмалар да өте күрделі болды-дейді Хайдар Қаирбек. Биылғы Жапонияда өткен химия пәнінен 53-ші халықаралық олимпиаданың деңгейі жоғары болды. Оның күрделілігі – уақытта болды. Яғни, қатысушылар 5 сағаттың ішінде ауқымды 9 есепті шығару керек болатын. Шынымды айтайын, оңай болған жоқ.

Сондықтан, биылғы жылғы олимпиада күрделі деп атауға болады. Ол уақытты басқару және есепке жылдам анализ жасау дағдыларын талап етті. Қазақстанның құрама командасы жыл басынан бері олимпиаданың талаптарын біле отыра, тыңғылықты дайындалды. Жалпы, олимпиада алдында бұрынғы олимпиадалықтардың өткізген дайындық сабақтарының маңыздылығы зор болды.

Хайдар Қаирбектің айтуынша, оның бүгінгі жетістіктері ең алдымен Павлодар NIS-тың ұстаздарының арқасында. Бұдан бөлек ата-анасының үлкен қолдауы. Сонымен қатар, Қазақстан құрама командасының жаттықтырушыларының оны маңызды. Сондықтан, жас зияткер Назарбаев Интеллектуалды мектептерінің оқушыларына әрдайым ізденісте болуға кеңес береді.

Өз уақытын тиімді әрі пайдалы жоспарлау, тәртіпті болу және өз білімін жетілдіру – осы қабілеттер әрбір оқушыға өте қажет. Осы дағдыларды ұстанған олар, болашақта беделді оқу орнына түсуге, ұлкен жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Сонымен қатар, студенттік кезеңде және кез-келген ұжымда өзін көрсетуге септігін тигізеді. Қазақстандық қатысушылардың төртеуі де медаль жеңіп алып, команда қоржынына 3 күміс, 1 қола медаль салды. Осылайша, оқушылар өткен жылдың рекордын жаңартты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий