Қызылорда облысындағы білім беру ұйымдары “Ashyq” жобасына қосылды

Індеттен сақтану үшін қазіргі таңда жан-жақты сақтық шаралары жасалуда. Осы ретте, облыс бойынша барлық мектептер, балабақшалар мен колледждер “Ashyq” жобасына толықтай қосылды. Білім беру ұйымдарынына кірмес бұрын ата-аналар мен мекеме қызметкерлері QR-кодты сканерлеп, әкімшіге қосымшадан шыққан нәтижені көрсетуі тиіс, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қосымша 4 түс негізінде шешім қабылдайды. Мәселен «Қызыл» түс – үйде оқшаулану режимін білдірсе, «Сары» түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал «Көк» пен «Жасыл» түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий