Әдістемелік қызмет – педагогтердің біліктілігін арттыру мектебі

Қазіргі таңда әдістемелік қызметтің рөлі артты.  Әдістемелік қызметтің негізін педагогикалық ғылымның жетістіктері, озық педагогикалық тәжірибе және педагогикалық үрдістерді талдау құрайды.  Әдістемелік қызметті әдістемелік кабинет/орталық  ұйымдастырады. Әдістемелік орталық (кабинет) қызметінің мақсаты білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды жүзеге асыру, үздіксіз білім беру үшін жағдайлар жасау, педагог және басқарушы кадрлардың кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады.

Жоғарыда қойылған мақсаттарды әдістемелік кабинет/орталық  қызметкерлері  жүзеге асырады. Қазіргі уақытта кез келген білім беру ұйымы бір нәтижеге қол жеткізу үшін әдістемелік қызметті дұрыс жолға қою тиіс. Әдістемелік қызметті әдістемелік кабинет/орталық, әдіскер ұйымдастырады. Әдіскер деген кім? Ол немен айныласады? Осы сауалдарға жауап беру үшін «әдіскер» ұғымының мағынасын ажыратайық. Әдіскер – оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындау-шы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері.

Яғни кез келген әдіскер екі бағытта қызмет атқарады. Сондықтан әдіскер облыс/қала, аудан  педагогтерімен бірлесіп әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін,  мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды, педагог қызметкерлердің конкурстары, олимпиадаларының оқыту-әдістемелік құжаттамасын (дидактикалық материалдар, жабдықтардың типтік тізбесі) әзірлеу, рецензиялау және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, педагог-тердің және білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмысының қорытындысын зерделейді және топтастырады.

Міне, бірінші кезеқте әр әдіскер осындай ауқымды жұмыстарды атқарады. Осы аталған міндеттердің ең маңыздысы – педагог кадрларды аттестаттау. Өйткені аттестацияның нәтижесі арқылы білім беру ұйымдарының құрамы жоғары кәсіби кадрлармен қамтамасыз етіледі және бұл, сөзсіз, білім беру сапасын арттыруға әкеледі[2]. Сондықтан педагогті аттестациядан өткізу – маңызды үдеріс. Осыған орай мектепте  әр пән бойынша  әдістемелік бірлестік және әдіскерлер жұмыла жұмыс жасау керек және педагогтердің бағалау критерийлерін білуі тиіс.

Үлгілік біліктілік педагог кадрлардың лауазымдық сипаттамасы – аттестаттау өлшемшарттары болып табылады. Олар барлық мұғалімдерге қатысты және үшке бөлінеді: лауазымдық міндеттер, қажетті қосымша білім, біліктілік талаптары. Олай болса, әр өлшемшартты қарастырайық. Лауазымдық міндеттер – мұғалімдердің негізгі міндеттеріне жатады. Мысалы, сабақ жоспарларын дайындау, дұрыс мақсат қою, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау, оқу процесінде нәтижеге қол жеткізу, білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал ету, ата-аналармен қарым-қатынас жасау, адамгершілік қаситтерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға баулу және тағы да басқалар.

Қосымша білім ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Тіл туралы» заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді және олардың білім беру саласында қолданылуын терең білу. Сонымен қатар, аттестациядан өту кезіңде педагогтер портфолио дайындайды. Аттестациядан өту – күрделі іс. Сондықтан мектепте оқу-әдістемелік жөніндегі директор орынбасарлары, әдістемелік кабинеттегі пән әдіскерлері үнемі мұғалімдермен тығыз байланыста болуы тиіс және әдістемелік көмек, психологиялық қолдау көрсетуі керек.

Тек ынмақтастықта, бірлікте, коллаборативтік орта құру арқылы жетістікке жетуге болады. Қазіргі таңда заманауи ғылым мен XXI ғасырда цифрлықтехнологиялар-дың жылдам даму кезеңінде педагогтердің ғылыми -зерттеу құзыреттілікте-рін қалыптастыру өзекті мәселеге айналуда. Өйткені  цифрлық модельдер мен құралдар оқушылардың  ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға зор мүмкіндік туғызады. Осыған орай мектептерде қолға алатын проблема –  педагогтердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Ол үшін мұғалімдер ғылыми-зерттеу жұмыстарында келесі кезеңдерді сақтауы тиіс: ұрыс мақсат қою (міндеттер); зерттелетін мәселенің жай-күйін зерттеу; зерттеу әдістерін зерделеу, меңгеру, білу; бастапқы материалдарды жинақтау, жүйелеу; гипотезаны, модельдерді, конструкцияларды, алгоритмдерді, зерттеуге арналған сызбаларды құру; тәжірибелік-зертханалық және сынақ жұмыстарын өткізу; эксперименттік деректерді өңдеу, талдау, маңызды қасиеттері мен сипаттамаларын анықтау.

Зерттеу нәтижелері бойынша өз қорытындысын шығару; конференцияларда, конкурстарда, соның ішінде, кең ауқымды мамандар мен ғалымдар ортасында сөз сөйлеу, таныстырылым жасау. Ғылыми ортада жасалған ұсыныстарды, ескертулерді қабылдау. Егерде мұғалім ғылыми-зерттеу жұмыстарын аталған алгоритм бойынша жүргізе алса, зерттеу жұмыстарының кезеңдерін жете білсе, сонда ғана ол нәтижеге жетеді және қорытынды жасай алады.

Сонымен қатар, білім алушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт  бере алады және  оларда зерттеу дағдыларын қалыптастыра алады. Педагог –зерттеуші тұлға. Қазіргі кезде  педагогтерде зерттеушілік  құзырет қалыптастыра алсақ, онда кез келген педагог өз сабағына, жұмысына талдау жасай алады және оны зерттей алады. Егерде мұғалім сабаққа дайындалу барысында келесі сұрақтарға жауап бере алса: сабақтың мақсаты дұрыс қойылды ма? Жаңа материалды меңгертуге, пысықтауға тиімді әдіс-тәсілдер таңдалды ма? Сабақ соңында сынып нәтижеге жете ала ма? Мұндай мұғалім нағыз зерттеуші педагог.

Педагогтардың ғылыми жұмысқа қатысуының қазіргі деңгейі, оның формалары мен әдістерінің әртүрлілігі оны жоспарлау мен ұйымдастыру-дың кешенді тәсілін қажет етеді. Сондықтан тек дұрыс, тиімді, нақтылы ұйымдастырған біліктілікті  арттыру курстары, оқыту ,үйрету семинарлары, коучингтер, тренингтер педагогтердің танымдық, шығармашылық, ұйым-дастырушылық,  көшбасшылық  дағдыларын қалыптастырады.

Қорытындылай келе, айтарым, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдіскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген оқу – әдістемелік қызметті үйлестіру міндетін іске асыру аясында алғашқы рет 2020 жылы облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың 2610 әдіскерлеріне арналған «Педагогті әдістемелік қолдау» біліктілікті арттыру курсын  ұйымдастырды. Аталған курсқа барлық өңірлердің әдіскерлері белсенді қатысты.

Курстың өткізу нәтижесінде әдіскерлер ғылыми-әдістемелік және біліктілік деңгейін жетілдірді, нормативтік құқықтық сауаттылығын қалыптастырды, педагогтер әдістемелік қолдау механизмдерін дамыта отырып қашықтан оқытуды  үйренді,  инновациялық қызметті  жоспарлауды  қалыптастырды.

Сара Сейітқызы ЖУМАНОВА, 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
Академиясының жетекші сарапшысы,
“ҚР білім беру ісінің үздігі”

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий