Орал қаласында 6137 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

Жаңа 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа  ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балалар қабылдануда. Орал қаласы бойынша бүгінгі таңда  6137 оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Оның ішінде 3583 – қазақ сыныптарына, 2554 – орыс сыныптарына, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы орталығындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Жаңа оқу жылында қала мектептерінің жалпы контингенті 55000-нан астам  оқушы болады деп күтілуде.  Тамыздың екісінен бастап жаңа оқу жылында 1-сыныпқа қабылданатын балаларға арналған «Балақайлар мектебі» даярлық курстары жүргізілуде. Тамыздың 16-нан бастап білім олқылықтарын жою мақсатында 2-11 сынып оқушыларына арналған «Жазғы мектеп» те өз жұмысын бастайды.

Барлық қала мектептері 1 қыркүйектен бастап оқушыларды офлайн түрінде оқытуға дайындықтарын бастады. Оқушылар үшін барлық санитарлық талаптар сақталып оқу үрдісі ұйымдастырылатын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий