Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие жұмысы туралы
“Бөбек» Орталығының Оқу-сауықтыру кешенінің педагог-ұйымдастырушысы Мейрамкүл Сисенова тікелей эфирде «Оқу-сауықтыру орталығында балаға тәрбие берудегі жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие жұмысы» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.
Мейрамгүл Сисенова Оқу-сауықтыру кешенінің негізгі қызметі – Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аймақтарынан келетін әлеуметтік қорғауға мұқтаж балаларды, жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларын сауықтыруға және бос уақыттарын ұйымдастыруға бағытталғанын айтты.
«Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінде жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1320 бала демалып, сауықтырылады. Жыл ішінде 12 сауықтыру ауысымы өткізіледі, сауықтыру ауысымының ұзақтығы 22 күн, әр ауысымда 5 топты 110 демалады.
Сондай-ақ, барлық іс-шаралар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағытта, жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар балалардың жеке ерекшеліктері, олардың психо-эмоционалды қабылдауы, денсаулық жағдайы, олар үшін жаңа жағдайларға сыртқы ортаға бейімделуі ескеріледі.
Загрузка...