Ыбырай Алтынсарин патриот – педагог

Ы. Алтынсарин ұлт  мүддесі мен ұлт мұраты үшін бар өмірін сарп еткен ағартушы. Оны біздер Ұстаздың шығармашылық еңбектерінен, жазған хаттарынан, ағартушылық істерінен айқын көреміз. Ы.Алтынсарин алғашқы хаттарының бірінде 1862 жылы 26 қаңтардағы Орынбор бекінісінен Н.И. Ильминскийге жазған хатында: «…Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын»-деп өмірлік кредосын айтады. Сонда Ы.Алтынсариннің 20 жастан асар-аспас кезі ғой. Осы хаттың ортасында Ұлы ұстаз: «…Қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды»-деп мақтанышпен жазады.

Сөйтіп Ы.Алтынсарин қазақ халқын мақтан етеді, талапты ұлт деп біледі, мол үміт артып келешегіне сенеді. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» жазған сөз басында халқымызға төмендегідей сипаттама береді. «— қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін…әлі азғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне құмар»-дей келе  «халқымызға   шамамыз келгенше қызмет ету әрқайсымыздың да борышымыз»-деуі халқына деген сүйіспеншілігі халқының болашағына сену, сол үшін аянбай еңбек етуге ант беруін көреміз. Ол өзінің ар алдында берген антынан айныған емес.

Ұлы ұстаз, ұлтының мүлдесі үшін саяси салағада салмақ сала білген ұлт жанды азамат екенін келесі хатта көреміз. Ол 1880 жылы 4 сәуірінде Торғай қаласынан  В.Катаринскиге арнаған хатында газетке жазған өз мақаласы жайында былай дейді: «Қазақ еліне орыс селендерін әкеліп орнатпақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім. Сондықтан қолайсыздау істеп отырғанымды біле тұсам да, өзімнің оған  қарсы екенімді  білдіруге бел байладым»-деуі елінің қорғаны, халқының қалқаны болып сол кездегі үкіметтің отарлау саясатына батыл қарсылық көрсетеді.

Немесе 1889 жыл 20ақпандағы Орск қаласынан Катаринскиге жазған хатында: «Біздің Бессонов Александр Гриорьевич 3-ші және 4-ші кластардағы оқушылардың қарсы болуына қармастан бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Міне мұндай епсіз, жарым есті басшылық салдарынан (жақсы істер ж.к.х)) жойылып кетуі мүмкін. Қатты айтып отырғаныма кешірім етіңіз, қайтейін ішім күйеді-деп айтуы өзінің оқу саласындағы саясаттың қасақана, өрескел жолмен жүргізіліп отырған епсіз, жарым есті әрекеттеріне өзінің түбегейлі қарсы екенің ашықта, тіке айтуы Ұстаздын батырлығын, мінезділігін айқындайды.

Ы.Алтынасарин 1884 жылдың 14 қыркүйегіндегі Орыбор қаласынан Н..Ильминскиге жазған та бір хатында «Құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме адал адам болайын деген ойымнан, талбымнан еш уақытта да қайтпаймын мүмкіндігі болған жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан   жауыздыққа қарсы күресе беру керек». Елге жанашу деген осы болар. Осы жылдың 30-шы қыркүйікіндегі Орынбордан жазған хатында: «Қазақ тілінде бір жалпы білім беретін кітап құрасырып, туған еліме тағы бір қызмет көретейін деп отырмын» деп зор қуанышпен айтады.

Қайратты, қайсар, елшіл, ұлты үшін жан кестілікпен, өмірінің сонына дейін кұресуді мақсат еткен  Ы.Алтысаринның біздерге үлгі болмақ. Бұл бүгінгі Рухани жаңғыруымыздағы «Туған жер» бағдарламасымен үндесіп жатқан жоқпа?!

 Ұлы ұстаз соңғы хаттарының бәрінде 1889 жылы 6 наурызда В.Катаринскиге жазған хатында «Жақында Орскіге Карл Андреевич (мектеп инспекторы)   болып кеткен екен, қазақ оқушыларына тым қатты қарамаса еді деп қорқып отырмын. Олардың бәрі де өте дұрыс бағыттағы оқушыларіштерінде өте дарынды, өте зейінділрі  де аз емес. Оларды құдай үшін, қорғай көріңіз» деуі қазақтың келешегі, үміт еткен жастарға деген қамқорлығы қандай десеңізші! Енді бірдеңе қосудың өзі артық.

Ы.Алтысарин педагогикасының өзегі адамгершілік, имандылық, иман жүзділік. Оны біз Ы.Алтысаринның 1864 жылғы 16-шы наурызда Орынбор бекінсінен Н. Ильминскиге жазған хатында көреміз. Онда Ұстаз оқушылар кейін «… парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын» -дей отыра, хатын жалғастырып «Менің үнемі ұмтылған тілегім қалайда пайдалы адам болып шығу еді. Ал осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады»-дейді. Ұлы Ұстаз ұлтына қызмет істеуге қолы жетіп, мүмкіншілік туғанына өте қуанышта болғанын байқаймыз. Міне осы адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу  арқылы оқушылар бойынан көргісі келеді. Қарап отырсақ Ы.Алтысаринның балаларға арналған 60-астам әңгімелері бар екен. Солардың тек аттарын атайықшы, масалы: «Әдеп», «Қанағат», «Әділдік», «Зеректік», «Жомарт», «Мейрімді бала», «Жамандыққа –жақсылық». Міне Ұстаз оқушыларының бойынан осындай қасиетті құндылықтарды көргісі келеді. Немесе келесі әңгімелер атауы: «Талпыну пайдасы», «Малды пайдаға жарату», «Білгеннің пайдасы». Бұл әңгімелердің  атаулары нені білдіріп тұр? Тиімділікті, ұтымдылықты, нарықтық қатынастағы бәсекелестікті көрсетіп тұр. Біздер бүгін пайда табу, бәсекелестік заманында өмір сүрудеміз. Жеке адам болып қана қоймай, тұтас ұлт болып, ел болып бәсекеге түсудеміз. Сондағана ұтамыз, мемлекет болып алға жылжимыз. Тағы бір Ұстаз әңгімелерінің топтамасын көресетейік: «Жаман жолдас», «Ақымақ дос», «Такаппарлық», «Үш ұры», Дүниеде жамандық неден? Міне оқушылар қандай үлгіні бойларына өнеге қылып дарыту керек, қандайынан аулақ болулары қажет екендігі көрсетілген. Ал Ы.Алтысаринның  осы талаптары, ойлары ескірді деп айта аламыз ба? Әрине жоқ! Бәрі бүгінде ауадай қажет.

Ы.Алтысарин өз заманына сай оқу үрдісін бір жүйеге қалыптастырды. Ел тарихында болмаған алғашқы оқулықтарды, оқу құралдары, әдістемеліктерді жазып оқыту бағдарламасын, сабақ беру жоспарларын жасады. Ең алғашқы арнайы мектептерді салды. Оған дейін уақытша үй жалдап оқытатын еді. Ы.Алтысарин арнайы салған мектептерде жеке сыныптар бөлмесі, асхана, кітапхана, аурухана, зертханалар, шеберханалары болды. Ол мектептерде химия, физика, астрономия пәндері оқытылды. Сүйтіп сол заманның өзінде жартылай болсада зайырлы мемлекетке сай оқыту жүйесін қалыптастырды. Дің сабағынанда қол үзген емес. Ғасырлар бойы көзіміз үйренген сынып бөлмелері, ондағы тақта, бор, көрнекілер, карталар, глобус, сынып журналы, табель, аттестат, марапттау қағаздары, қоңырау, сынып тазалығын сақтау, оқушылардың өз бастарының тазалығы (гигиена) талаптарын алғашқы еңгізген де ЫАлтынсарин болатын. Педагогика пәнінде «ыңта» деген сөз бар, оны Мотивация деп жатамыз, оның тұрлеріде көп. Ал Ы.Алтысаринның  өмірі мен шығармашылықтарына терең ұңіліп санаға сіңірсек меніңше бірғана ыңта-мотивация бар. Ол тұған еліне пайдалы болу, патриоты болу, халқын сүйу, Міне Мотивация!  Біздер осындай ыңтаны , қасиеттерді жастар бойына сіңіре білсек Ы.Алтысарин өсиетін орындаған болар едік.

Ы.Алтынсарин 40 жастың ішінде өмірден озса да, кем дегенде бір өзі40 адамның халқына  деген қызметін арқалап, іс жүзінде абыроймен атқарып кеткен ұлы тұлға. Ы.Алтынсарин отансүйгіштіктің, ұлтын қалай қадірлейтіндігін сөз жүзінде де, әсіресе іс жүзінде де өмір бойы өнегелі үлгісін көрсетіп кеткен нағыз патриот,сондықтан Ұла Ұстаз халқымен бірге жасай бермек.

Жақында ғана қазақ даласының ағартушылық саласы мен ұлттық мектептердің қалыптасуына өлшеусіз із қалдырған Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толу қарсаңында Қостанайға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері ағартушының туған жеріне тағзым етуге келді. Жоспарланған дөңгелек үстел «Ұлы педагог Ы. Алтынсариннің мұрасы мен оның қазақстандық білім берудегі рөлі» деген тақырыпта пікірлер өрбіді. Сол жиында айтылған кейбір ұсыныстарымды оқырмандарға жеткізуді жөн көрдім.

Біріншіден. 2021 жылының 1- қыркүйегінен бастап бір уақытта  еліміздегі барлық (меңшігіне және оқыту тілдеріне қарамастан) мектеп табалдырығын алғаш аттағандардың басты сабағы «Кел балалар, оқылық!» атты сынып сағатында Ы . Алтынсаринның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында айтылуы керек. Және  бұл іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрсын.

Екіншіден. Еліміздегі барлық мектептеріндегі бес-жетінші сынып оқушыларын  Ы. Алтысаринның өмірі мен еңбегі жайлы – диктант, Сегіз-тоғызыншы оқыитындарға мазмұндама. Он-он бірінші сыныптағыларға-шығарма жаздырса Ұлы ұстазға тағзым деген осы емеспе?

Үшіншіден.Бұл дүниеде барлық нәрсенің өлшемі адам екені белгілі. Сол себептен Ұлы ғұламалардың бірінші кезекте адамның тұлға болып қалыптасуына көп мән бергені белгілі. Кешегі Ұлы Хакім Абайда «Адам бол!» қағидасын алға тартқан. Сондықтан әлем танып мойындаған қара сөздерін үңіліп оқуда. Ал адамды адам қылатын, адамнан тұлға қалыптастыратын ол – тәрбие. Соңғы 30 жылдың ішінде біз Қазақстанның Тәуелсіз жаңа дәуірінде өмір сүріп келеміз. Қоғам өзгеруде, адам өзгеруде енді сол қоғам сұранысына сай алғашқы тәрбиешілер съезін өткізіп, мемлекеттік бағдарлама жасап тұжырымдама қабылдаса дұрыс болар еді.

Қалқаман ЖАҚЫП, 
Ахмет Байтұрсын атындағы
Қостанай өңірлік университетінің
профессоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий