“Мың бала”: Батысқазақстандық дарындардың жетістігі жоғары

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ел үміті” жалпыұлттық бастамасы негізінде  бірнеше жоба іске асырыла бастады. Нұрсұлтан Назарбаев қорының 2020 жылдағы ең ірі жобаларының бірі – “Мың бала” ұлттық олимпиадасы. Олимпиада – ауыл мектептерінің неғұрлым қабілетті оқушыларын анықтауға, олардың академиялық даярлық денгейін арттыруға арналған бірегей жоба болып табылады.

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасы Елбасының «Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде өткізіліп келеді. Биыл екінші рет өткізіліп отыр.Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Елбасы академиясы»  корпоративтік қоры ұйымдастырады. «Мың бала» олимпиадасына Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5,6-сынып оқушылары және бұған дейін осы олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тегін өткізіледі.

Олимпиаданы өткізу кезінде оқушылардың танымдық және академиялық дағдылары онлайн және офлайн режимінде компьютерлік тестілеу арқылы бағаланды. Олимпиада тестілерін кәсіби мамандардың мамандандырылған жұмыс тобы тест сұрақтарын әзірлеудің халықаралық стандарттарын ескере отырып, құрастырды және ол Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінің оқушыларына бейімделіп жасалған.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу Елбасы Академиясының платформасында онлайн форматта өткізілді. Кешенді тестілеу: «Логикалық ойлау»; «Кеңістіктік ойлау». бөлімнен тұрды. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған  оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне өтті. Өткен жылдың жеңімпаздары да Олимпиадаға қатысты, оларға тестілеудің II кезеңінен бастап қатысу құқығы берілді.

Олимпиаданың екінші кезеңі өңірлік тестілеу орталықтары базасында офлайн форматта ұйымдастырылды. Бұл кезеңде қатысушылар: «Математикалық сауаттылық»; қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін «Қазақ тілі»; орыс тілінде оқитын оқушылар үшін «Орыс тілі»; «Ағылшын тілі»; «Жаратылыстану»  пәндер бойынша академиялық білімдерін бағалау бойынша компьютерлік тестілеуден өткен болатын. БҚО-нан  2020 жылы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының  9496 оқушы қатысып ІІ кезеңге 200 оқушы жолдама алған болатын. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша  92 жеңімпаз іріктелді.

Оның: 5 сыныптарда-49 оқушы, 6 сыныптарда-43 оқушы. Бүгінде 6 сынып бойынша жеңімпаз атанған оқушыларымыз  РФММ, облыстың мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерінде және НЗМ де білім алуда. Ал олимпиаданың қалған финалистері Елбасы академиясы жанындағы «Birge oku» онлайн мектебінде тегін білім алу құқығына ие болды. Жеңімпаздарға «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры атынан ноутбук сйыға тартты.Барлық оқушылар сертификат табысталды.

2021 жылы өткен «Мың бала «олимпиадасы бойынша  облыстан І-ші  іріктеу кезеңіне 4964 оқушы қатысып, 213 оқушы ІІ кезеңге өтті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 51 жеңімпаз атанды. Оның: 22 оқушы- 5 сынып,  29 оқушы-6 сынып. Казіргі таңда 6 сынып бойынша 29 жеңімпаздың 3-уі Алматы қаласындағы  РФМ мектебіне өтсе,  облыстық дарынды балаларға арналған  мамандандырылған мектептерге 20 оқушы және 1 оқушы Маңғыстау облысының «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатын таңдаған болатын.

Екі оқушы өз өтінішітері бойынша өз мектептерінде білімдерін жалғастырмақ. Қалған жеңімпаздар (3 оқушы) облыстық  дарынды балаларға арналған мектептерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Барлық қатысушыларға сертификат берілді. “Мың бала» олимпиадасы бойынша Облыс оқушылары 2 жыл қатарынан  жоғары  нәтижелер көрсетті және біздің облысымыз білім сапасы бойынша республика облыстарының көшбасшыларының катарында. «Дарын» қосымша білім орталығы өңірдегі ұйымдастырушы ретінде: өңірде ауыл оқушыларының олимпиадаға қатысуына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрі жасалғанын ерекше атап өткім келеді.

2021  жылдың 1 қыркүйегіне дейіндарынды балаларға арналған мамандадырылған облыстық мектептер олимпиада жеңімпаздарын қабылдап, ҰБДҚ дерекқорына толтыратын болады.Осындай дарынды балаларды даярлап үлкен жетістікке жеткізген мектеп ұстаздарына және әрдайым қолдап жағдай жасаған ата аналарына алғысымыз шексіз. оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

Гулсин Габдулгазизовна ДУЙСЕНГАЛИЕВА,
“Дарын” қосымша білім орталығының директоры,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Бөрлі аудандық «Қарақұдық «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешеніоқушысы Амира НУРУМОВА: Мен, «Мың бала» олимпиадасының жеңімпазы атанып, Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған № 11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында оқуға мүмкіндік алып отырмын. «Мың бала» олимпиадасы ауыл балаларына берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. «Мың бала» олимпиадасының бірінші турын мектептен онлайн тапсырдым.

Ал екінші турын Ақсай қаласындағы тестілеу орталығына барып тапсырдым. «Мың бала»  олимпиадасында қазық тілі, ағылшын тілі, математикалық сауаттылык және жаратылыстану пәндерінене тапсырмалар болды. Қорытындысы шығып, жеңімпаз атанған кезде қатты қуандым. Енді жаңа мектепте үлкен жетістіктерге жетемін деп сенемін.

Теректі аудандық Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Жансұлу НАЗАРБАЕВА: Мен Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінде оқып жүріп, көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алдым, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма мың алғыс. Осы жетістіктерімнің арқасында «Мың бала»  олимпиадасының бірінші кезеңінен өттім, бұл жаңалықты естігенде қатты қуандым.Содан кейін екінші кезеңіне дайындала бастадым.

Екінші кезеңіне дайындықпен  барып, тестті ойдағыдай тапсырдым, бізге сертификат пен сыйлық ұсынылды. Жақсы көңіл-күймен оралдым. «Мың бала»  жобасына алғыс айтамын. Бұл жоба ауыл балаларына мүмкіндік берді, олардың білімдерін шыңдай түсу үшін қажетті шаралар жасады. Мен «Мың бала»  олимпиадасына қатысқаныма қуаныштымын.

О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының  оқушысы  Жұмабай Мұнар ЖҰМАБАЙ: Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінде  6 сынып оқып жүрген кезімде маған мектеп директоры Шолпан Бижановна ауыл балаларына арналған республикалық «Мың бала»  олимпиадасына қатысуға  ұсыныс білдірді. Мен бұл мәліметті естігеннен кейін жаз бойы математика пәні мұғалімі Төлеген Икрамұлымен дайындалған болатынмын.

«Мың бала»  олимпиадасына қатысып, оның жеңімпазы атанғаннан кезде мен үлкен қуанышта болдым және бұл олимпиаданың нәтижесінде мен қазіргі таңда Алматыдағы Жәутіков атындағы физика-математика мектебінде оқып жатырмын. «Мың бала» олимпиадасының ең негізгі мақсаттарының бірі – ауыл балаларының қала балаларымен тең дәрежеде болуы және оларды еліміздің жақсы деген мектептеріне оқуға түсіп, өз білімдерін шыңдауға, қолдауға көмектеседі.

Ауыл балаларына «Мың бала»  олимпиадасына қатысып, өз мұмкіндіктерін шыңдауға кеңес беремін. «Мың бала»  олимпиадасында тапсырма берілетін пәндер: сауаттылық, математикалық логика. Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздарына алғысымды білдіремін.

НУРУМОВА Амираның анасы: «Мың бала»  олимпиадасы туралы алғаш рет қызымның сынып жетекшісі Фарида Еркінғалиқызынан естідім. Естіген бойда арнайы сайтына кіріп, ережелері және талаптарымен таныстым. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептерінен дарынды балаларды анықтау, еліміздегі ең үздік мектептерде білім алуға мүмкіндік беру екен. Сол себепті бізде бағымызды сынап көруге бел будық.

Қызым екі кезеңнен де сәтті өтіп, жеңімпаз атанғанда қатты қуандық. Қызыма дайындалуда үлкен көмек көрсеткен Бөрлі ауданы Қарақұдық мектеп-бөбекжай балабақша кешені ұжымына отбасым атынан үлкен алғысымды білдіремін. 

Біз бірден Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған № 11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатын таңдадық, бұл білім ошағын  таңдауымыздың тағы бір себебі-өзім де сол мектептің түлегімін. Маған екі есе қуанышты болды және қызыма жаңа бастамасында сәттілік тілеймін, биік белестерді бағындыратынына сенімдімін.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий