Мамандығым – мақтанышым

Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!, – дейді данышпан Абай Құнанбаев. Тәрбиеші – мамандығы  үлкен жауапкершілік пен төзімділікті  қажет етеді. Тәрбиеші- адамшылық ар-ожданы жоғары, намысшыл, қайталанбайтын жеке тұлға. Бұл мамандық – біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті   қажет ететін мамандық.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз  берілген білім – адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі», – деген екен  ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл- Фараби. Баланың  тұлға болып қалыптасуына отбасының  тәрбиесі аздық етеді. Осы орайда  бала тәрбиесінде  балабақшаның  орны  ерекше. Сондықтан  тәрбиешінің  тәрбиесі өте жоғары  деңгейде болуы керек. Өйткені,  кішкентай бүлдіршіндер  бізден не көреді, соны  бойына сіңіріп өседі.

Балалар – біздің  болашағымыз. Оларды тәрбиелеу  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді. Әрбір  баланың  тілін  тауып, онымен дос болу оңай іс емес. Тәрбиеші  балалардың еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басады. Бұл мамандық  маған өте қызықты. Ең біріншіден, балаларды жақсы көруің керек. Оларға қамқорлық көрсете отырып, бүлдіршіндердің сүйіспеншілігіне бөлену керемет сезім. Балалардың санасы ақ парақтай тап-таза, дұрыс тәрбие беріп, алғашқы  адамгершілік пен мейірімділік   нұрын сеуіп, жақсы білім мен өнер  нәрімен  сусындату  біздің  міндетіміз.

Тәрбиеші жан-жақты болу  керек.  Баланың  ой- өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп,,тіл  байлықтарының  молаюына  біздің  тәрбиешілердің  сіңірер еңбегі орасан. Тәрбиеші мамандығының  қызығы мен қиындығы  қатар жүреді, себебі біз әр  баланың  өміріне  жауаптымыз. Осындай қиындығына  қарамастан  мен өз мамандығымды сүйемін, ләззат аламын, бақыт табамын.

Қазіргі таңда мен жұмыс жасап жатқан мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру орталығы маған өте ұнайды, басшымыз  өте ақылды, парасатты, әділ жан. Ұжымымыз өте ұйымшыл, әріптестерім өте білімді, мейірімді жандар. Өзара тәжірбие алмасып тұрамыз. Менің мақсатым – балаларға  жақсы көңіл күй сыйлай отырып, саналы  тәрбие, сапалы білім беру!

Альбина Муратовна ИЛЬЯСОВА,
Бейбарыс” бөбекжай – балабақшасының
тәрбиешісі, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий