Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жазғы мектеп педагогтеріне алғыс хаттар табыс етті

Педагогтердің тамыз конференциясының ұйымдастырылуы аясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жазғы мектеп кезінде жұмыс істеген мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етті, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Академия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастырған еді. Бұл бағытта білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуде Академия қазіргі ақпараттық кеңістік мүмкіндігін ескере отырып, «Жазғы онлайн мектеп» жобасын жүргізді.

Сабақтар «Zerdeli studio» базасында онлайн-форматта өткізілді. Мұғалімдер заманауи білім беру технологияларын, сондай-ақ мультимедиялық тақтаны пайдалана отырып, виртуалды форматта математика, физика, химия және басқа да пәндерден сабақ берді. Сабақтарды онлайн-форматта өткізу еліміздің барлық өңіріндегі балаларға білім алуға мүмкіндік жасайды. 

Сабақ өткізу кезінде мультимедиялық тақтаны қолдану білім алушылардың визуалды ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізді. Заманауи технологияларды қолдану жазғы мектепті қызықты ете түсті. Ғани Бейсембаев педагогтерге жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс тіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий