2021-2022 оқу жылына арналған күнтізбе

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі. 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек.
Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында); қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында); көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында). Бірінші сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий