Спорт эстафетасы: Қазақ даласының батыры –Қажымұқан

Қажымұқан Мұңайтпасұлы бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған азамат. Күш атасы, қазақтың мақтанышы, алып күш иесі, алғашқы әлемге танылған кәсіпқой балуан. Дүниежүзінің 30-ға жуық елін аралап, елуден астам медаль жеңіп алған күш иесі. Биылғы жылы еліміз бойынша батыр бабамыздың 150 жылдығы аталып өтуде.

Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ұлықтау, мәңгілік есте қалдыру мақсатында 2021 жылдың 28 шілдесімен 11 тамызы аралығында Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында  «Қазақ даласының батыры –Қажымұқан» атты республикалық спорт эстафетасы өтуде. Ауысымға республикамыздың бар аумағынан 5-9 сыныптың спортқа қызығушылығы бар оқушылары қатысуда.

Салауатты өмір салтын жан-жақты насихаттау, спорт  түрлеріне деген қызығушылықтарын ояту, дене бітімі және рухани жағынан жетілген өскелең ұрпақты қалыптастыру мақсатында ауысым барысында көптеген шаралар өтуде. Күні бойы өзіңді сергек сезіну, көңілді көтеру, өзіне деген сенімділігін арттыруға таңғы жаттығудың берер пайдасы мол. Ауысым қатысушылары  әр күнді таңғы жаттығудан бастайды. Саяхат маршурттары арқылы денсаулықтарын нығайтып, рухани тұрғыдан өсуге қадам жасайды.

Он бес күндік бұл демалыс спорттық қызметті, дене бітімі мен салауатты өмір салтын сақтауды үйрете отырып балаларға Қажымұқан атасының жеңіс жолын насихаттап, спорт тарихына, қазақтың спорт түрлеріне деген құрмет сезімдерін қалыптастырады. Дәстүрге сай салтанатты түрде ауысым ашылуы, «Тезірек, жоғары, күштірек» атты визитка кеші, «Baldauren CUP» ашылуы өтті.  Жігерлі намысты дені сау ұрпақ болып өсуге бағыт берген «Балдәурен-көпұлтты» спорттық сауықтыру ойыны күш атасы қазақтың мақтанышы Қ.Мұңайтпасұлын еске ала отырып өтті.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы мықты ұрпақ тәрбиелеуді ұстаным еткен спорт нұсқаушылар балалармен «Олимпия» спорттық мерекесін өткізді. Спорттық мереке барысында спорттық ойындар: футбол, волейбол, пионербол, эстафеталар арқылы балалардың денсаулықтары шыңдалады, спортқа деген қызығушылықтары артады, ал үстел үсті ойындары шашки, шахмат, тоғызқұмалақ арқылы баланың ойлау қабілеттері дами түседі.

Балалар Қапшағайдың мөлдір суына шомылып қана қоймай алтын құм шатқалына танымжорыққа шығу арқылы өз денелерін шыңдады. Өз қызығушылықтары  бойынша таңдаған үйірмелерге қатыса отырып жаңа машықтарды меңгерді. Спорттық шаралармен қатар балалардың би кеші, «Құттықтайды Балдаурен» туған күн иелеріне арналған мерекелік кеш, «Бизнес сити» экономикалық ойын, «Черлидинг» би жарысы жоғары деңгейде өтті.

Спорттық қызмет салауатты өмір бейнесін қалыптастыру негізі ғана емес денсаулықты нығайту, еңбек қызметіне денесін даярлауда жетекші рөл атқарады. Жастарға үлгі өнеге көрсету, жақсы әдеттер мен қабілеттерге баулу  мақсатында «Қазақ спорт және туризм академиясы» кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің деканы Б. Қонақбаев және оның шәкірттерімен  күрес және жекпе-жектен шебер сыныптар өткізілді.  Шебер сынып барысында балаларға күрес түрлері, онда қолданылатын әдіс-тәсілдер практикалық тұрғыда көрсетіліп, балаларға бірнеше техникалар үйретілді.

Балалар арасында үш түрлі салмақ категориясында еркін күрестен жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталып марапатталды. Басты мақсат өскелең ұрпақтың бойына спорттық машықтарды қалыптастыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануын, өз қабілеті мен мүмкіндігіне орай дене мәдениетін қалыптастыруға баулу.  

Азамат АБЕНОВ,
“Балдәурен” республикалық оқу
сауықтыру орталығының аға спорт
нұсқаушысы, Алматы облысының
Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий