Асхат Аймағамбетов: “Әліппе” оқулығы қазақ мектептеріне қайта оралып жатыр
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі кезекті аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

– Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру кажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды, – деді өз сөзінде еліміздің бас педагогы Асхат Қанатұлы.