Дарынды балалармен жұмыс жасау жайы талқыланады
Бүгін, яғни тамыз айының 11-і күні сағат 14.00-де, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясының «Мен полиглотпын!» көптілдік орталығының басшысы Шәмшия Күрпебаева және гимназияның дарынды балалармен жұмыс жасау орталығының басшысы Юлия Солодникова тікелей эфирде «Өзін-өзі тану гимназиясында дарынды балалармен жұмыс жасау туралы. Әлеуметтік жобалау және қоғамға қызмет ету» тақырыбы бойынша сөз сөйлейді. Іс-шара Фейсбук желісінің «Бөбек» Өзін-өзі тану» парақшасында жарияланады, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.
