Акция аяқталды! Біз біргеміз!

Республикалық «Қазақстанның рухани қасиетті орындары» («Киелі жерлер географиясы») жобасы киелі жерлердің мәдени-географиялық белдеуін құрды. ҚР Ұлттық мұражайының «Киелі Қазақстан» орталығы Қазақстанның 100 жалпыұлттық киелі объектілерінің тізімін анықтады.   Бұл – ұлттық ынтымақ пен қайта өрлеудің символы ретінде бағаланатын және қазақ халқының жадысында сақталып, ескірмес құндылыққа айналған ерекше құрметке ие орындар.

Қасиетті ескерткіштерге «киелі» таулар, үңгірлер, өзендер, шатқалдар секілді табиғи-ландшафтылы объектілер, ежелгі қалалар, ерекше табиғи құбылыс орындары және халқымыздың рухани дәстүрлерінің негізін құрайтын тағзым ету орындарына айналған табиғи мәдени және тарихи мұралар жатады.  Қасиетті орындардың республикалық картасына Шарын шатқалымен, Хан Тәңірі шыңымен және де өзге тоғыз киелі табиғи мұралар арасында сегізінші номермен «Бектауата тауы және үңгірі» белгіленген. 

Бектауата тау шатқалы табиғаты аса ерекше колоритті меккен болып табылады. Бұл таулар Қазақстанда орналасқанымен, атағы мен атауы алыстағы шетелге мәлім болып, туристерге ғана емес, ем мен шипа іздеген талай жұртқа таныс болған. Жергілікті халық бұл тауларды кие тұтады. Ықылым заманнан бері қазақ халқы мұнда ауруына шипа тілеп, дұға жасап түнеуге келген.  Сонымен қатар, бала сүюге зар болған әйелдер де осында келіп, зиярат еткен. Бектауата үңгірінен ағатын су қайнары шипалы деп саналады, ал көмекке зәру халық міндетті түрде сұрағанын табады деп есептеледі. 

2020 жылы, Еріктілер жылы, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ педагогтер мен техникалық жұмыскерлері қасиетті Әулиеата үңгіріне қажетті тазалық жұмыстарын жүргізуді  ұйғарды.  Бұл белді бекем буған шешім болды. Алдыда күтіп тұрған шаруа оңай емес еді … үңгірдің іші мен оны қоршаған тау-тастар сонау өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап бүгінгі күндерге дейін, аттай 91 жыл бойы әр түрлі жазуларға толып, бояулармен сырланып тасталған еді!

Бірақ шашубайлық ұжым шешім қабылдаса, артқа шегінер жол жоқ, бұл біздің командалық позиция. Ісіміздің негізіне функционалдық сауаттылықты + интернет кеңістігін + практик мамандардың кеңестерін + тікелей үңгір ішінде жүргізілген көптеген практикалық эксперименттер апробациясын қосып, әркет ету формуласына шықтық. Дайындық кезеңі үш айды құрады. Әулиеата үңгірін тазалау әрекеттері бес ай көлемінде жүргізілді: 2020 жылдың тамыз, қыркүйек, қазан айлары және 2021 жылдың сәуір мен мамыр айлары.

Демалыс күндері де, мереке күндерінде дебіздің ер-азаматтарымыз жүректің қалауымен, ниеттің адалдығымен Бектауатаға барып, үңгірді тазалады. щеру. Үңгірге бір көтерілу дегеніміз 100 бірреттік және екі тұрмыстық оттегі баллонын, дизельдік жанармайда жұмыс істейтін мини-автономды генераторлық электростанцияны, электрощёткалар мен кескіштерді, өрт сөндіру сатыларын,  туристік жабдықтар мен арқандарды, отпен жұмыс жасаудағы жеке қауіпсіздік құралдарын, құрылыс инвентарын, осыған қоса әрқайсының арқасында жеке рюкзакты құрайды.

Уақыт бойынша тауға көтерілу – сағат 8.00.-де, ал оттегінің бар көлемін пайдаланып болып, бар жұмыс көлемін орындап, лагерьдің базасына төмен түсу  сағат 16.00. –да. Осылайша бес ай бойы! Міне шашубайлық нағыз жігіттер!!!  Мұғалімдер өз қолдарымен Әулиеата үңгіріне барар жолдың бойында үш тілде, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық баннер орнатты. Олар барша елімізге, тіпті бар әлемге дерлік өздерінің ұлттық деңгейдегі  көлемді патриоттық жобасын көрсете білді.

Қоғамдық сананы жаңғырта отырып, біз заманымыздың жылдам өзгеріп жатқан жағдайына бейімделе білдік. Біз сияқты ересектердің, оның ішінде мұғалімдердің қоғамдық санасының мәні өзінің мүддесімен, бастамаларымен, құндылықтарымен, перспективаларымен, мәдениетімен, мінез-құлық практикасымен, тұрмыс-салтымен, дәстүрімен балалық шақ территориясымен тығыз байланыста.  Бізді қоршаған адамдар мен оқушыларымыз шынайы өмірде туған жерге деген, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншіліктен шынайы патриотизмді көре алды.

Біз өзіміздің қазақстандық мәдени-генетикалық кодымызды іс жүзінде сақтаймыз!  Акция барысында бізбен қатар әлеуметтік серіктестеріміз болды, олар  – жеке кәсіпкерлер Мырзабеков Ж., Калиев М., Мозговой П.М., Жайсанов М.Р., Токенова А.А., Калиев А.М., Утенова К.Р., Отебаев Н.Ж., Калиева Н.С., Смирнов Е.В. Сонымен қатар бізбен бірге әріптестеріміз Приозёрск қаласының  №№ 1,2 мектептерінің директорлары Алтынбекова К.С. және Жумаханова П.А өз ұжымдарымен, Балқаш қаласының  № 8 мектебінің директоры Төкейбекова А.Т. өз ұжымымен осы іске атсалысты.

Оларға осындай игі шараларда бір команда болып, үнемі жанымыздан табылғандары үшін алғысымды айтамын. Үстіміздегі жылдың 6 тамызында, қасиетті жұма күні, біз үңгірді тазалау жұмыстарын ресми түрде тәмамдадық. Аталмыш акция туралы естелік тақтасын салтанатты түрде құрметті қонақтар, Ортадересін ауылдық округінің әкімі  Қыркруов С.Б., Ақтоғай аудандық білім бөлімінің бастығы Жүнісов С.М., Бектауата тау шатқалындағы шаруа қожалығының қожайыны Мустахаев Е. ашты.

Шашубай кентінің имамы Асылхан (мектебіміздің түлегі) құран оқыды. Акция туралы экскурсты мұғалімдер Шәіирбеков Д.Т. (дене шынықтыру) пен Тусіпбек К.Е. (Қазақстан тарихы) жүргізді. Нәтижесі көңілді толтырып, көзді тойдырарлықтай!!! Бектауата шатқалының жергілікті ақсақалдарына, әлеуметтік серіктестерге және құрметті қонақтардың иығына дәстүр бойынша шапан мен қамзол жабылды.  Ас барысында берілген бата міндетті түрде орындалады, себебі ол туған өлке төсінің киелі мекенінде берілді.

Бұл біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жасалған 30 игі істің бірі! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – іс жүзінде жасауда! Негізгі 6 қағидат – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімдер ғұрпы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы  – іс жүзінде жасауда! Сөзі бекем, білегі мықты тұтас ұлт болу үшін барлығымыз біріге отырып, қоғамдық пікірді өзгертуге тырысып, болашаққа қадам жасайық!!!

А. ТУКБАЕВА,
Қарағанды облыстық 
мәслихатының
депутаты, 
“Nur Otan” партиясының
ҚОФ-ң “Білім және ғылым” аймақтық
Кеңесінің бастығы             
     

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий