М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы қола медаль алған студент Софья Берульцеваға құрмет көрсетті

Кеше, 2021 жылы 10 тамызда Шымкент қаласының әуежайында жанкүйерлер Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қатысушыларын қарсы алды. Қазақстан құрамасында барлығы 8 қола медаль бар, олардың бірін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Софья Берульцева жеңіп алды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, каратэ Олимпиада ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген, ол біздің чемпионымыздың жеңісінің маңыздылығын ерекше көрсетеді. Әрине, мұндай жеңіс – үлкен еңбекқорлықтың, ұзақ жаттығулар мен табандылықтың нәтижесі. Университет ұжымы Софьяны тағы да құттықтап, алдағы жеңістер мен үнемі табыс тілейді!!!
