“Өзін-өзі тану” гимназиясында дарынды балалармен жұмыс жасау туралы

«Бөбек» орталығының «Өзін-өзі тану» гимназиясының 609 оқушысы 68 байқауға, яғни зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарларға қатысты. Бұл жөнінде бүгін өткен тікелей эфир барысында «Өзін-өзі тану» гимназиясының дарынды балалармен жұмыс жасау орталығының басшысы Юлия Солодникова мәлімдеді, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға 83 педагог қатысты. 71 адам жүлдегер атанды, оның ішінде Гран-при – 5; І орын – 26; ІІ орын – 19; ІІІ орын – 21; 12 адам сертификаттар алды. Сондай-ақ, гимназияның дарынды балаларымен жұмыс істеу орталығының мақсаты гимназия оқушылары мен педагогтарының зияткерлік және адамгершілік-рухани әлеуетін ашу, дамыту үшін жағдай жасау; гимназияның жалпы білім беру кеңістігі шеңберінде дарынды балалардың жеке бейінін және қызметінің кәсіби маңызды бағыттарын ескере отырып, олармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатыны айтылды.

«Өзін-өзі тану» гимназиясының «Мен полиглотпын!» көптілдік орталығының басшысы Шәмшия Күрпебаева үш тілде «шаттық шауғы іс-шарасының кестесін» ұсынды, онда @school_bobek «ғажайып балалар» және «ғажайып мұғалімдер» шығармашылығы ұсынылды. Әрі қарай ол көптілдік орталығы өткізген іс-шараларға тоқталды. Бұл – «Ғажайып Қазақстан!», «Ғажайып дәрігерге алғыс айтамыз!», «Рухани Ұстазға алғыс айтамыз!», «Оқудағы ең қызықты лайфхактер!» және тағы басқалар.

Сондай-ақ, ұлы Абайдың 175-жылдығына орай «Ақылды кірпіш» шығармашылық жоба, әл-Фарабидің 1 150 жылдығына орай «Үш ерік күш» композициясы, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған «Ана жүрегі – Рух Батыры» шығармашылық жоба және тағы басқа көптеген іс-шарлар қазақ, орыс әрі ағылшын тілдерінде өткізілді. Сөз соңында Шәмшия Күрпебаева 2020-2021 оқу жылы «Мен полиглотпын!» көптілдік орталығының жұмысын қорытындылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий