Ақмола облысы: “Абай әлемі” отбасылық онлайн викторина ұйымдастырылды

Абай кемеңгеріміздің туған күніне орай «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Абай әлемі» облыстық отбасылық онлайн-викторинасын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Викторинаның мақсаты: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттап, ақынды жан-жақты таныту арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету, жүйелеу және жинақтау. Викторинаға 6 аудан мен екі дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан (Көкшетау, Нұр-Сұлтан қаласы) 16 отбасы қатысты. Викторинаға Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының, М.Жұмабаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің мамандары қазылық етті.

Викторинаның қорытындысы бойынша келесі отбасылар жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – Мамытовтар отбасы (Атбасар ауданы); 2 орын – Асылбековтар отбасы (Жақсы ауданы); 3 орын – Ахметовтар отбасы (Сандықтау ауданы). Викторинаға қатысып белсенділігімен және терең білімімен көзге түскен Волковтар отбасы (Жақсы ауданы) грамотамен марапатталды. Жүлделі орын иегерлері Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий