Жігіттің үш жұрты бар

Адам баласы дүниеге  келген  соң оң – солын танып, ес жиып, етек – жеңін жинап ойлана  бастайды. Сол ой үстінде  балалық шаққа саяхат жасап, біраз  қызыққа  батады. Әсіресе, еш уайымсыз достарыңмен ойын ойнап, бауырларыңмен ата – әжеңе  таласқаның. Менің  ата – анам отбасын құрған кезде әкемнің  ата – анасы өмірден озған. Әкем  мен  анамды әкемнің  ең үлкен ағасы Бітімбай әке (үлкен папа) мен Жанат  анамыз (үлкен мама) үйлендіріп, бөлек шығарған.

Әлі күнге дейін шүкір үлкен мамамыз Жанат  әже үйіне барсақ, алғысын  білдіріп, батасын беріп  отырады. Ал, Бітімбай атамыз 2 жыл бұрын (2019 жылы) өмірден  озды. Ал, ата – анам отбасын құрған кезде анамның ата – анасы Нағымет  ата мен Райхан әже бар болған. Мен мектепке баратын жасқа дейін  осы нағашы әжемізге  барып, мойнынан  құшақтап таласатынбыз. Нағашы  әжем Райхан әже 1992 жылы мені бірінші сыныпқа  дайындап жүрген  сәтінде өмірден  озды. Нағашы әжем мені ерекше жақсы  көретін.

Себебі, менің анам он баланың ішінде ең  қарапайым, биязы болып өскен. Сондықтан мені ата – анасына қолқанат болсын, қайырымды, алғыр болсын, – деп тәрбиелеген. Қазіргі таңда әкемнің  бауырларына  да, анамның  бауырларына да алғысым  шексіз. Мен үшін, менің  болашағым үшін алаңдап, қазіргідей өмір сүруім, біріншіден, ата – анамның берген  тәрбиесі мен ақылының, екіншіден, әкемнің, анамның   бауырларының    қамқорлығы, бізге деген ізгі – ниеттері, тілекші  болып, бізге ойлаған жақсылықтарының арқасы.

Және де  өмірдің бізге берген сыйы – деп білемін. Абай Құнанбаев  атамыз  «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін  тапта, бар қалан»,  – демекші, әр адам өмірде өз орнын тауып, кірпіш болып қалануы – бұл орындалған арман болмақ. Ендеше, барлығымыздың арман – мақсатымыз орындалып, есейіп ер жеткен соң қайын жұртқа да, яғни, өмірлік серігіңнің ата – анасын, бауырларын сыйлап құрметтеу керек. Осылайша, өткен күндерге бір көз жүгіртіп, болашақ ұрпақтарымызға, балаларымызға үш жұрттың мән – мағынасын ашып, түсіндіріп отыру парыз деп санаймын. Қорытындылай келе, әр қазақ өз отбасында жан – жағына сыйлы, қайырымды болса, оның өмірі қызыққа, қуанышқа толы  болмақ.

Гүлнұр Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА,
“Күншуақ” бөбекжай – 
балабақшасының
психологы, Алматы облысының Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий