“Мағжан оқулары” республикалық байқауының бас жүлдесі мұнайлы өңірдің оқушысы Нұрай Сисенбайға бұйырды

ІХ республикалық «Мағжан оқулары» байқауына қатысқан атыраулық үш оқушы да жеңіс тұғырынан көрінді, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. Еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген оқушы бақ сынаған мәнерлеп оқу сайысы екі күнге созылды. Қорытындысымен Қызылқоға және Исатай ауданынан қатысқан жас таланттар жүлделі І, ІІІ орындар мен Бас жүлдеге ие болды.


Нақтырақ айтқанда, Исатай ауданы Новобогат орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ләззат Шахай “Толқынмен толқын сырласып…” номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынға, Исатай ауданы Исатай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бекзат Елеусінов “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.

Ал “Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” номинациясы бойынша қатысқан Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрай Сисенбай Бас жүлдені жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий