Басты мақсат білім сапасы

Соңғы жылдары еліміздің білім беру жүйесі күрделі сынақтардан өтіп келеді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың шұғыл қабылдаған пәрменді шараларының нәтижесінде жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі үзілген жоқ.

Оқу жылында еліміздегі және әрбір өңірдегі саниттарлық-эпидемиялогиялық ахуалға байланысты мектептердегі оқу процесі дәстүрлі, қашықтан, аралас тәртіппен жүргізілді. Ресми ақпарат бойынша мектептердің 60% (3 998 мектеп) оқу жылы бойы оқу процесін дәстүрлі түрде жалғастырды. Оқушылардың 30% (6, 7, 8 және10 сыныптар) оқуды қашықтан жалғастырды және «Жазғы мектер» шеңберінде білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтырды.

2020-2021 оқу жылының I тоқсанында дәстүрлі тәртіппен оқуын жалғастырған оқушының саны 1 млн болса IV тоқсанда олардың саны 2,2 млн болды. Өте қиын саниттарлық-эпидемиялогиялық жағдайда жоғары кәсіби санатты және азаматтық ұстанымы жоғары мұғалімдер қашықтан 176 млн сабақ берді. Еліміздегі эпидемиялогиялық жағдай әлі де айтарлықтай жақсармай отыр. 2021-2022 оқу жылы педагогтерге аса күрделі міндеттер жүктеп отыр.

Біріншіден, өткен 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарында оқу процесінің ауыспалы тәртібіне байланысты әрбір пәннің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары бойынша білім алушылардың біліміндегі болуы мүмкін олқылықтардың орнын толықтыру қажет. Сонан соң ғана жаңа 2021-2022 оқу жылындағы әрбір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын меңгеру қамтамасыз етіледі. Оқушы мен педагогтің алдындағы осындай күрделі қос міндетті шешу жұмысын қалай ұйымдастыруға болады.

Әрбір білім алушының біліміндегі өткен оқу жылдарында орын алған олқылықтардың орнын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарын қалай меңгертуге болады? Осы мәселе бойынша пән мұғалімдеріне, әдістемелік бірлестіктер мен әкімшілік мүшелеріне арналған  білім алушының біліміндегі өткен оқу жылдарында орын алған олқылықтардың орнын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарын меңгертудің реті ұсынылады.

Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)  

1

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу.

2

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың қиындық ретін анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса сол тақырып ең күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында).  

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкесті оқу мақсаттарын анықтау

4

Өткен оқу жылдарының оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкесті оқу мақсаттары анықталған сабақтардың қысқа мерзімді жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып дайындау. Жаңа оқу мақсаттарын (тақырыптарды) меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушыларға дайындалып келуге берілетін алдын-ала тапсырмалар дайындау.       

5

Жаңа оқу жылындағы пәннің оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсаттарына өткен оқу жылдарының сәйкесті оқу мақсаттары жоқ тақырыптарды анықтау.

6

Жаңа оқу жылындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына сәйкестігі жоқ өткен оқу жылдарының оқу мақсаттары бойынша олқылықтары бар оқушыларды тізімдеу және топтастыру.

7

Пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша олқылықтары бар оқушылардың топтарымен  өткізілетін кеңестердің кестесін жасау.

8

Олқылықтары бар оқушылардың топтарымен  өткізілетін кеңестердің кестесі сәйкесті жаңа тақырыптың алдын алу принципімен жасалады.

9

Олқылықтары бар оқушылардың топтарымен  өткізілетін кеңестердің кестелерін жоспарлау принциптері: – жаңа сабақтың алдындағы күнгі кеңестер; – жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңестер; – II, III, IV тоқсандардың алдындағы каникул күндеріндегі кеңестер; – жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер.

10

Жаңа сабақтың алдындағы күнгі кеңес беру топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес беру топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылындағы оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді): – қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); – бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі; – тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.

Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізіндегі сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі алғашқы олқылықтарын толықтыра отырып жаңа бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу

16

Жаңа сабақ алдындағы кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу

17

Жаңа сабақ алдындағы сенбілік немесе жексенбілік кеңес жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу

18

Каникул күндеріндегі кеңес жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу

19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра

20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижесін талдау және әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте талқылау: – диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебі; – әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; – бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебі; – әдістемелік бірлестікте; – тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебі; – әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; – оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есеп; – әдістемелік бірлестікте, педагогикалық кеңесте.     

Әкімжан САЙЛЫБАЕВ,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясындағы дидактика
зертханасының меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий