Балалық шақтың бал мекені – балабақша

Бала деген – отбасы үшін қуаныш, мереке, береке бастауы – ұрпақ жалғастығы. Бұл біз үшін марқаю, шаттану, ұл – қызың арқылы мақтау есту ол тіпті керемет, сенің жемісіңнің піскені, өз нәтижесін бергені. Барлық  ата – аналарымызды  осы бақыттың көкжиегінен  көрейік. Барлық адам ата – ана болып, бала сүюге лайық. Ендеше, балаларымыздың балғын балалық шағының әр күні болашағына жол ашатын есік екенін естен шығармағанымыз абзал.

Себебі, психология да бала балалық шағында қалай ойнаса, яғни оның болашақ  мамандығы болуы мүмкін деген  болжам бар. Сондықтан, бала  ойыны маңызды рөлге  ие. Жалпы, өмірде  іс – әрекеттің үш түрі бар. Олар: ойын іс – әрекеті, оқу  іс – әрекеті, еңбек іс – әрекеті. Бұлар бір – бірімен тығыз байланыста және де баспалдақ іспеттес  орын алады. Олай дейтініміз – бала алғаш ойын іс – әрекетіне толық қанбаса, мектепке барғанда әлі сол іс – әрекетпен айналысуы  мүмкін. Себебі, ойыны қанбаған.

Ойын әрекетіндегі керекті құрал – жабдықтар әрине, ойыншықтар – оларды бекерге шығармаған мүмкін  болса, ата – аналар балаларымыздың психологиясы дұрыс қалыптасуы үшін бала кезінен қамтамасыз етуіміз  шарт. Сол  арқылы  балаларымыздың бейімділігін  ашамыз. Ойын, қиялын қалыптастырамыз және мектепке  барған сәттен оның оқуға деген ынтасын ашуға мүмкіндіктер туындайды, қызығушылығы артады. Сонымен біздің балабақшада тәрбиешілеріміздің шығармашылығын шыңдау мақсатында, жас  мамандарға қолдау негізінде ересек «Айгөлек» тобында  «Ғажайып қыс» тақырыбында ашық оқу қызметі ұйымдастырылды.

Тәрбиешісі Жунусова Ардак Кубеевна оқу қызметін Абай  Құнанбаев  атамыздың «Қыс» тақырыбындағы өлең жолдарынан үзіндіні видео – ролик арқылы тыңдатып, ондағы көріністерді интер – белсенді тақта арқылы көрсетіп, балалардың қызығушылығын оятудан бастады. Оқу қызметі барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай  көптеген педагогикалық технологиялар, әдіс – тәсілдер  іске асырылды. Атап айтсақ, «Ғажайып  хат қалта» тосын сый, ақ себет ақ қар, балалар  суреттерге қарап мақал – мәтелдер айтты, тіл ұстарту жаттығулары, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс және де оқу қызметін тәрбиеші: 
«Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бау – бақшаны, тауды да,
Бояған ақ түспенен» – деп қорытынды жасады.

Келесі мектепалды даярлық  «Жұлдыз» тобында  «Тірі және өлі табиғат» тақырыбында ашық оқу қызметі өткізілді. Тәрбиешісі  Жалбагаева Назгуль  Турысбековна оқу қызметін жаңартылған білім беру талаптарына сәйкес балаларға өздері қалаған суреттерді таңдау арқылы «Құстар» тобы, «Өсімдіктер» тобы, «Табиғат құбылыстары» тобы деп үш топқа бөліп бастады. Және де ашық оқу қызметінің тақырыбын ашу үшін «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын жүзеге асырып, балаларға тірі және өлі табиғат  туралы сұрақтар қойып, негізгі бөлімді аша білді.

Тәрбиеші оқу қызметін балаларға тақырыпқа сай өлеңдер айтумен жалғастырып, «Күн, түн, су, тас, құм» атты ойынмен одан әрі қызықтырып, тәжірибелік бөлімге көшті. Балалар үшін ең қызықты бұл бөлімде ұлғайтқыш (лупаның) құралдың көмегімен құмның құрамын зерттеуден бастады. Балалар құм қандай? – деген сұраққа – түсі де, пішіні де әртүрлі қызыл, қоңыр, ақ, ұсақ, бір – біріне жабыспайды, үшбұрыш, төрт бұрыш, сопақша сынды тағы да басқа жауаптар беріп, мәре – сәре мәз.

Олар бұл жұмысқа кәдімгідей дайындықпен келген. Алдарына алжапқыш тағып, бәрінде  бір – бір ұлғайшқыш  құрал, зерттеу барысында қажетті құм, тас, су, түрлі – түсті құмдар  бәрі бар. Тәрбиеші зерттеу жұмысын шығармашылық жұмыспен ұштастырып, қағазға желімделіп алдын – ала әзірленген дайын түйенің ақ суретін  желім жағым, құм сеуіп ең шөлге шыдамды, қазақ халқы үшін ертедегі бір жерден екінші жерге көшу үшін қолданылған алып жануардың бейнесін жасап, оның пайдасын, төрт түліктің бірі екенін айтып,  одан алынатын шұбатын, құрт –  майын түсіндіріп осы жануар туралы «Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар» – деп жұмбақ жасырып, балалардың ойлау қабілеттерінде дамытуға жұмыстар жасады.

Тәрбиеші  Назгуль Тұрысбековна оқу қызметін қорытындылай келе, балалардан жалпы, тірі және өлі туралы не түсінгендерін сұрап, балаларға оқу қызметіне белсенді қатысқандары үшін алғысын айтты. Келесі болып мектепалды даярлық  «Қарлығаш» тобында  «Қысқы  ағаштар» тақырыбында ашық оқу қызметі жалғасын тапты.  Тәрбиешісі  Дуйсенбаева  Асем  Советбековна  оқу қызметін: Шанамен зырғып жүретін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі) деп жұмбақ жасырудан бастады.

Одан әрі балаларға қыс мезгілі туралы сұрақтар қойып, балалармен «Қар жауар» ойынын ойнап, тыныс алу жаттығуын жасатты. Тыныс алу жаттығуы: денсаулықты нығайтып, өкпе жұмысын жақсартады. Шарты: Әр бала түтікше орналасқан бөтелені үрлейді (ішінде ақ қағаз қиындылары болады). Қар жауды  (тыныс алып, ақырын үрлеу). Боран соқты, қар қатты жауды  (тыныс алып, қатты үрлеу). Қар жауу бәсеңсіді  (тыныс алып, ақырын үрлеу). Қар тоқтады – деп әрі қарай табиғат екіге бөлінетінін соның ішінде ағаштарға ерекше тоқталып, тақырыпты аша білді. Осы тірі және өлі табиғат бір – бірімен тығыз байланыста екенін мысалдар арқылы түсіндірді.

Мысалы: ағаштар тірі табиғат ол сусыз, ауасыз тіршілік ете алмайды. Мұндағы су, ауа өлі табиғат деп балаларға нақтырақ  түсіндірді. Балаларға ағаштардың екі түрі  болатынын жабайы ағаштар, жеміс ағаштары деп бөліп көрсетті. Сол сияқты ағаштардан адам өмірі үшін қажетті үй жиһаздары,  есік – терезелер, ыдыс – аяқтар, музыкалық аспаптар, ойыншықтар жасалатынын да айтып өтті.

Қорытындылай келе, балалар шығармашылық жұмыспен айналысып, бір топ емен ағашын ермек сазбен мүсіндесе, екінші топ дайын шырша ағаштарын қиып, үстіне «Жырту» әдісін пайдаланып, қар жауғызса, үшінші топ акварель краскаларын қолданып ақ қайыңның суретін бейнеледі. Балалар үшін де, біз үшін де аталған  оқу қызметтері қызықты, әрі жинақы өткізілді. Ұжым атынан жоғары да аталған тәрбиешілерімізге еңбекте табыс, шығармашылық шабыттар тілейміз.

Гүлнұр Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА,
Күншуақ” бөбекжай – балабақшасының
әдіскері, Алматыоблысының Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий