Маңғыстауда жергілікті бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары бөлінді

ҚР Үкіметінің (23. 01. 2008 ж, № 58) қаулысы негізінде 2018 жылдан бері жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін  жергілікті бюджеттен білім беру гранттары бөлініп келді, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыста жыл сайын сұраныс педагогика, медицина саласына жоғары болып отыр. Алдағы оқу жылына 175 грант, оның 10-ы магистратураға бөлінді. Оның ішінде, комиссия отырысының шешімімен педагогикаға 40, өнер және кітапхана саласына – 25, жалпы медицина саласына – 70, қоғамдық денсаулық сақтау саласына – 20, ауыл шаруашылық саласына – 10 орын берілдіАталған білім беру гранттары еліміздің 14 жоғары оқу орындарында орналастырылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий