Шетелде цитаталары жиі келтірілетін қазақстандық ғалымдардың бірі – Дурвудхан Сұраған
Бағдарлама түлегі, ғалым Дурвудхан Сұраған да отандық білім беруді дамытуға үлкен үлес қосып, математика және теориялық физика саласында мамандар даярлайды. PhD докторы Дурвудхан Сұраған The Ferran Sunyer i Balaguer Prize беделді халықаралық сыйлығының иегері және шетелде цитаталары жиі келтірілетін қазақстандық ғалымдардың бірі болып табылады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

– Лондон Корольдік колледжінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуым мол мүмкіндіктер ашты, ең бастысы – өзіме деген сенімділік және ғылыми биіктерге жетуге деген ұмтылыс арта түсті. Теориялық физика – бұл күрделі ғылым, сондықтан мен шетелде оқу кезінде халықаралық деңгейге көтеріле алатындығыма көз жеткізгім келді. Көздеген мақсатыма жетіп, қазіргі таңда отандық ғылымды жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық деңгейде мойындататын дарынды жас ғалымдарды тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімді саламын, – деп ҚР БҒМ Математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері, Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Дурвудхан Сұраған өз жоспарларымен бөлісті.