Қоғамдағы ұстаз мәртебесі

Мен үшін  ұстаз  мәртебесі  ұлы  тұлға  деген –  үн қосады. Осыған байланысты мына өлең жолдары, ұстаздың ұлылығының сипатын көрсетеді – деп білемін.
Ғалымда, шахтёрда бас иетін,
Ұстазым бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең. Осы ән түсіне білген, сөзіне мән беріп тыңдай білген әрбір қазаққа ұстаз мәртебесінің шоқтығын көрсетіп тұр. Ендеше, мен ұстаз мәртебесін жоғары бағалаймын.

Бала деген – отбасы үшін қуаныш, мереке, береке бастауы – ұрпақ жалғастығы. Бұл біз үшін марқаю, шаттану, ұл – қызың арқылы мақтау есту ол тіпті керемет, сенің жемісіңнің піскені, өз нәтижесін бергені. Барлық  ата – аналарымызды  осы бақыттың көкжиегінен  көрейік. Барлық адам ата – ана болып, бала сүюге лайық. Ендеше, балаларымыздың балғын балалық шағының әр күні болашағына жол ашатын есік екенін естен шығармағанымыз абзал. Себебі, психология да бала балалық шағында қалай ойнаса, яғни оның болашақ  мамандығы болуы мүмкін деген  болжам бар. Сондықтан, бала  ойыны маңызды рөлге  ие.

Жалпы, өмірде  іс – әрекеттің үш түрі бар. Олар: ойын іс – әрекеті, оқу  іс – әрекеті, еңбек іс – әрекеті. Бұлар бір – бірімен тығыз байланыста және де баспалдақ іспеттес орын алады. Олай дейтініміз – бала алғаш ойын іс – әрекетіне толық қанбаса, мектепке барғанда әлі сол іс – әрекетпен айналысуы  мүмкін. Себебі, ойыны қанбаған. Ойын әрекетіндегі  керекті құрал – жабдықтар әрине, ойыншықтар – оларды бекерге шығармаған мүмкін  болса, ата – аналар балаларымыздың психологиясы дұрыс қалыптасуы үшін бала кезінен қамтамасыз етуіміз  шарт.

Сол  арқылы  балаларымыздың бейімділігін  ашамыз. Ойын, қиялын қалыптастырамыз және мектепке  барған сәттен оның оқуға деген ынтасын  ашуға мүмкіндіктер туындайды, қызығушылығы артады. Қазіргі таңдағы ұстаз мәртебесі адамды көп ойландырып, технологиясы қарыштап дамыған заманда бірінші талап, кімге болмасын, әсіресе педагогтарға жаңа  технологияларды пайдалана білуді үйрену қажет. Соның ішінде әлеуметтік желілердің жағымды, тиімді жолдарын меңгеріп, оларды балаларға үйретуді көздейді.

Осы сәтте айналып келіп әрбір педагогтың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс – тіршілігіне де бір шеті әсер етеді. Себебі, қазіргі балалар өте зерек ұялы телефонды бізден артық біледі. Педагог білмейтін мүмкіндіктерін білуі ғажап емес. Сондықтан мен жоғарыда педагогтың  әлеуметтік жағдайын  айтып өттім. Олай, дейтінім  сыныптағы 25 баланың бес баласының жағдайы өте жақсы, ата – анасы мүмкіндіктері көп ең қымбат ұялы телефон алып беруі мүмкін.

Осы сәтте мұғалімге жаңағы 5 баладан да білімді болуы үшін жан – жақты ситуациялардан шыға білуі керек. Ол үшін әрине, ата – анамен байланысты күшейтуге тура келеді. Кейде осындай балалардың ішінде тәрбиелі, қазақта «Ата көрген – оқ жонар, Ана көрген – тон пішер» дегендей ақылды, адамгершілікті бала болса, ұстазына көмектесіп, қолғабыс бола біледі. Мұндайда  адами қарым – қатынас көрініс береді. Егер де ұстаз ұстамды, шығармашыл, жинақы болса, әлбетте оның  мәртебесі де көрініп тұрады.

Сол ұстазынан балалар үлгі алып ұқсағысы келетін жайттар да байқалып жатады. Абай  атамыз айтқандай, «Болмасаң да, ұқсап бақ» – деген тіркестер адамның бойындағы жағымды қасиеттерді, қылықтарды үйренуге ұмтылуды баяндаған. Сол сияқты «Ұстаздан – шәкірт озар» – деген сөздерде үлкеннен  үлгі – өнеге алуға жетелейтін ұғымдар көрсетілген.

Қорытындылай келе, қазіргі таңдағы педагог мәртебесінің көрінісі әрбір адамның тікелей  өзіне байланысты – деп білемін. «Атына – заты сай» – маман болса, ол өзінің  өмірдегі орнын, жасаған жұмысы арқылы «Қасым ханның – қасқа жолы» – деп тарихтан сыр шертетін болсақ, өткен күн тарих екенін  ұғатын жан өз мәртебесін биік көрсетуге  ұмтыла алады- деп түйіндеймін. 

Гүлнұр Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА
“Күншуақ” бөбекжай –
балабақшасының
педагог – психологы, Алматы облысындағы
Іле ауданының 
Мұхаметжан Түймебаев ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий