Тамыз конференциясы: “Өзін – өзі тану – үздіксіз рухани – адамгершілік білім берудің негізі” тақырыбы талқыланады

Ертең, яғни 2021 жылғы тамыз айының 18-і күні сағат 10.00-де, ZOOM платформасында Facebook парақшасында тікелей трансляциямен, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы және Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты «Өзін – өзі тану-үздіксіз рухани-адамгершілік білім берудің негізі» тақырыбында Республикалық тамыз конференциясын бастамақ. Тамыз конференциясы екі бөлімнен құрылған және сағат 17.00-де аяқталмақ, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Тамыз конференциясының мақсаты: қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру қорытындыларын және жаңа оқу жылындағы қазақстандық білім берудің негізгі басымдықтарын талқылау.

Конференция барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрлері Бибигүл Асылова мен Шолпан Каринова, Халықаралық Гумандық педагогика орталағының президенті, академик, профессор, ғылымдар доқторы ІІІалва Амонашвили (Грузия); фс.ғ.д., Ломоносов атындағы ММУ психология факультетінің деканы Риза Халилов (Әзірбайжан); пс.ғ.д., профессор, психология жэне арнайы білім беру бөлімінің меңгерушісі, Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғарғы Аттестациялық Комиссиясы сараптама кеңесінің мүшесі Эльхам Бейляров; «Ата-аналар қамқорлығы» Халықаралық қозғалысының төрайымы, х.ғ.к. Клара Мансурова (Ресей); пс.ғ.д., «Басти Бубу» балаларға арналған мектепке дейінгі мекеменің социологі әрі педагогі Паата Амонашвили (Грузия) және тағы басқалар алғы сөз алады.

Конференция барысында жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесін жетілдіру, рухани кемелденген адамды тәрбиелеу, «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтас оқу-тәрбие үдерісіне кірітіру мәселелері бойынша 20-дан астам спикер сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, конференцияда «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейне үндеуі көрсетілетін болады, онда әрбір педагогтің кәсіби қызметіндегі басты бағдар болып табылатын еліміздің жас буынының рухани-адамгершілік тәрбиесіне байланысты негізгі идеялар ұсынылады.

Пленарлық бөлімнің қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, 2021-2022 оқу жылына арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий