“Абай оқулары”: Халықаралық байқау ұйымдастырылуда

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай былтыр, елімізде 10 тамыз Абай күні деп белгіленгені баршаға мәлім. Мерейлі датаға орай «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің бастамасымен халықаралық «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылуда.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің барша жастарының басын біріктірген әдебиет байқауы тамыз айының 10-ы мен қыркүйек айының 1-і аралығында «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ресми инстаграм парақшасында ұйымдастырылатын болады.

Тасболат СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий