Тиімді басқару кілті көшбасшылықта

«Ешқашан адамдарға қалай әрекет етуді көрсетпеңіз, тек қана не істеу керек екенін айтыңыз, сонда олар өз тапқырлығымен сізді таңқалдырады», – дейді Джордж Паттон. Мектеп-лицейдің әкімшілігі мен шығармашыл ұстаздардан құралған топ  көшбасшылықтың  дамыту моделін әзірлеп, жыл сайын жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп келеді. Моделге сәйкес зерттеу сұрағының нәтижесінде сыныппен жұмыс істейтін модераторлар тағайындалады және олардың нәтижелері арнайы өлшемдермен көшбасшы рөліне ауысады.

Бүгінде 6 көшбасшы, 15 модератор сабақты зерттеумен айналысып, ұжымның 75 пайызын құрап отыр. Мектепішілік Lesson Study бойынша «Жасампаз» шығармашылық тобы құрылып, коллабративті орта қалыптасты.  Сабақты зерттеу форматы қашықтық жағдайына өзгертілді. Қаңтар айында бөлінген көшбасшылық негізінде қашықтық жағдайында оқытудың ерекшеліктерін  анықтау мақсаты мен сабақты зерттеуге  он бес сыныпты нысанаға алып кірістік. Әрбір модератор мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кеңесе отырып, жұмыс бағытын нақтылап, оларға көшбасшылық ететін тәлімгерлер тағайындалды.

Жасампаз тобында мұғалімдерге қандай қолдау көрсетілді? Зерттеу топтары құрылған соң,  әр түрлі рөлдегі мұғалімдерді алдымен, қашықтан сабақты зерттеу ерекшеліктері мен оны жүргізу ережелерімен таныстыру мақсатында «Сабақты зерттеу тәсілінің мектеп мәдениетіне ықпалы» атты мектепшілік семинар өткізілді.  Мұнда зерттеуге алынатын сыныптар іріктеліп алынып, мұғалімдер мектеп басшысының бұйрығымен бекітілді. 2017 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан «Жасампаз» шығармашылық тобында еңбегі еленген, мектептің даму жоспарына lesson study арқылы үлес қосқан шығармашылық топтың тәлімгер – көшбасшылары бірлесіп, жұмыс жоспарын, әрекеттерін ұйымдастырып отырды.

Нысаналы сыныпты таңдауда, зерттеу сұрағын қойып, оған іс-әрекеттер ұйымдастыруда, үнемі топтарға қолдау көрсетуде аға оқытушылармен кеңесу сабақтары жүргізілді. Әрбір зерттеу жоспарын құру, іс-әрекет нәтижесін тіркеп отыру, деректерді өңдеп, мониторинг жасауға жауапты шығармашылық топ жетекшісі А. Дусчанова тағайындалған. Іс-әрекетті зерттеуде мектепте 3 бағытқа бөлінген көшбасшылық бекітілді. Көшбасшы сабақтарда PISA тапсырмаларын енгізуі, көшбасшы үштілді оқыту әдіс тәсілдерін; көшбасшы жаңартылған бағдарлама идеясын іске асыруы тиіс. Бірінші семинар нәтижесінде жасалған ұсыныстар: lesson study алгоритмін жетілдіру, мектебімізге қашықтан оқытуға сай ыңғайлы ету, әрі жеңілдету; зерттеу топтарына әдістемелік қолдау көрсету, жұмыс барысын бірлесіп талқылау; қалалық көлемде тәжірибемен бөлісу.

Бірінші отырыстағы ұсыныстарды ескере отырып, кезекті әдістемелік қолдау семинарын жоспарладық. Мұнда бірнеше топтардың зерттеу сабақтарын бақылауға мүмкіндік туды және тиімді әдіс табуда, оны қолдануда тапқырлықпен жұмыс жүргізіп отырған модераторлардан семинарда тәжірибе алмасу ұсынылды. Екінші семинардың мақсаты пәнаралық теория мен практиканы, білімді өмірмен,  басқа жағдаймен баламалау арқылы байланыс орната алу дағдыларын  дамыту. Бұл жиында зерттеуді бастаған топтар өз тәжірибесімен бөлісті. «Зерттеу тобы қалай құрылды, оның сұрағы қалай таңдалды және мақсаты мен нәтиже критерийлері анықталды ма?» деген сұрақтарға жауап беріліп, теориялық әдістер тәжірибеде қалай іске асып жатқаны көрсетілді. Мұнда үш бағытта бөлінген көшбасшылар өз топтарында қандай іс-әрекет жүргізіліп жатқанын баяндап, таныстырылым жасады.

Қатысушылар көмегімен жұмыс алгоритмі талқыланып, кезеңдері жетілдірілді, көшбасшылармен кеңесіп, зерттеу топтарының жұмысын бағалау парағы әзірленді. Екінші семинар нәтижесінде жасалған ұсыныстар мен кері байланыстар: зеттеу сабақтарына ұжымның  қатысуы, пікір қалдыруы сұралды; көшбасшы PISA тапсырмаларының маңыздылығы, әрбір пән мұғалімінен осы орайда, өз мақсатына бір міндет қоюын сұрады; модераторлар бағалау парағымен алдын-ала танысуды сұрады. Үшінші қорытынды семинардың мақсаты  қашықтан оқыту ерекшеліктерін анықтау. Бұл жиында топ жұмыстарының қорытынды нәтижесі баяндалды.

Әзірленген бағалау парағы негізінде модераторлардың таныстырылымдары ішкі комиссия сараптауынан өтті. Озық жұмыстар қалалық конференцияларға жолдама алды. Нәтиженің ұтымды тұстары 1-көшбасшы мен 3-көшбасшы жұмыстарының нәтижелері сабақты зерттеу критерийлеріне сәйкес болды. Топтар арасында шеберлікпен әрекет етті. Олқы тұстары бойынша алынған басымдылық бойынша бөлінген көбасшылық жұмысын жетілдіруді талап ететіндігі ескертілді.

Қорытындылай келе, алдағы уақытта, топтар ішінен модераторларды көбейту және сабақты зерттейтін топтар санын арттыру көзделіп отыр; көшбасшылармен ақылдаса келе, шағын топтар яғни Action Research тәсілін де жүйелеу қажеттігі туындады; мектепті жетекші орталық ретінде алып, республика бойынша тәуелсіз желілік қоғамдастық құру идеясы алға тартылды. Оның жоспары жасалынып, мақсатын нақтылауды өз тапсырмам ретінде алып отырмын. Қай кезде де мұғалім мектептегі негізгі тұлға болып қала бермек. Себебі, оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын ұстаз қажет.

Мұғалім өз сабағында  шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзыретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл, өз идеялары мен  мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңына ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study – оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек те болады. Сондықтан мектеп-лицейде көшбасшы ұстаздар санын көбейтіп, шығармашылық топтардың бірлескен зерттеу жұмыстарының сапалы нәтижеге жетуі үшін  жоспарлы жұмыстар жетерлік.

Қадырғазы Камалұлы МУКАНОВ,
№ 38 мектеп-лицейдің директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий