Ұстаздық еткен жалықпас…

Ұстаз – ұлы  есім. Ұстаздар  оқушылар  сияқты  жыл  бойы  ерте  тұрып, уақытының  басым  бөлігін  мектеп  қабырғасында  өткізіп, үнемі  сабаққа  дайындық  үстінде  болып,  ізденіспен  шұғылданады. Әр  оқушыны  білім  нәрімен  сусындатып, оларға  саналы  тәрбие  мен  сапалы  білім  беруде  көп  еңбек  етеді. Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  мақсатында  тәрбиенің  түрлі  қырын  қарастырып, оқытудың  сан түрлі  әдістеріне  жүгінеді.

Сарқан қаласындағы Алтынсарин орта мектебінің математика пәні мұғалімі Р.Нұрсапаева және Жетісу орта мектебінің математика пәні мұғалімі Г.Мухамадьярова

Оқушылар ұзақ  мерзімді  жазғы  делысқа  кеткен  уақытта, ұстаздарға  да  кәсіподақ  тарапынан  жазғы медициналық  сауықтыру кешендеріне  жіберіледі. Жылда  жүздеген  мұғалімдер  қауымы  денсаулықтарын  нығайту, емделу, демалу  үшін  көптеген  сауықтыру  кешендерінде  тамаша  уақытты  өткізіп  жатады. Биылғы  оқу  жылының  аяғында  барлық  мектептерден  мұғалімдер «Жаркент-Арасан», «Сары-Ағаш», «Қаратал» медициналық сауықтыру кешендерінде  демалуға  мүмкіндіктері  болды.

Басым  бөлігі  табиғаты  керемет  тау  бөктерінде  орналасқан «Жаркент-Арасанды» таңдағаны  байқалды. Бұл кешенде үш жүзден  аса  демалушыларға  барлық  жағдай  жасалған. Жатын  орны  жаңа  үлгідегі  дизайнда безендірілген, бес уақыт  дәруменді  ас  мәзірі, емдік  процедуралар бәріне  бірдей  бір тәртіппен, жүйелі түрде  жүргізілді. Демалушылар процедуралардан  бөлек  денсаулықтарын  таңғы  жаттығумен  шыңдады. Ас  алдында  қабылдайтын радон  суынан  кейін  таза  ауадағы  серуен  өз  үлесін  таба  білді.

Түстен  кейінгі  уақыттарын  кейбір демалушылар  триножер  залдарында  өткізсе, тағы  басқалары  түрлі  спорттық  жарыстарға  қатысты. Дойбы мен шахмат, нарды, тоғызқұмалақ, үстел  теннистарынан  жеке  дара  өнер  көрсеткендер  мен  қатар  командалық «волейбол», «баскетбол» жарыстарда  қалыс  қалмады. Әр  жарыс  өте  тартысты  өтіп,  жеңімпаздар  мақтау  қағаздарымен  марапатталды. Жарысқа  түскен демалушылардың  басым  бөлігі ұстаздар болды.  Ұстаздар  арасындағы  жарыстар  әрине  қызыққа  толы  бола  білді. 

Олар барлық  өткізілген  мәдени  іс-шараларға  белсене  қатысты. Таңғы жаттығуға, кешкі  би  кешіне де қызығушылықтары  орасан  зор  болды. Әр  аудандардан  келген  ұстаздар  бос  уақыттарында  педагогикалық  әңгімелер  барысында іс-тәжірибе  бөліскен  сәттері де  байқалды.  Ұстаз, қайда  жүрсе  де  өзінің  көрегендігін  білдіріп, шеберлігін  танытуда. Нағыз  ұстаз  бір  орында  тұрып  қалмай, үнемі  ісзденіс  үстінде  болады  емес пе?

Гульнар  Чакирбековна МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу  орта  мектебінің математика  пәні
мұғалімі, педагог-зерттеуші, Алматы
облысының Сарқан  ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий