“Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі” тақырыбында педагогтердің республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы ұйымдастырылады

Бүгін, яғни 2021 жылғы тамыз айының 19-ы күні сағат 11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы ұйымдастырылады, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі. 

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, ЭЫДҰ Білім мен дағдылар жөніндегі департаментінің басшысы Андреас Шляйхер және білім беру саласының басқа да өкілдері қатысады. Педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы ҚР БҒМ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында және ведомствоның YouTube-арнасында, сондай-ақ Білім және ғылым министрінің Instagram-дағы парақшасында онлайн режимде көрсетілетін болады.

Трансляцияға сілтемелер:

https://www.facebook.com/bilimjanegylym

https://youtube.com/channel/UCj50gtGjP2EEsM_EJIqu7cA

https://instagram.com/aimagambetov?utm_medium=copy_link

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий