Үш жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 98,1%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған

Үш жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2021 жылы 98,1%-ға жетті. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 83,6%-ды құрайды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Жекеменшік балабақшаларды дамытуды ынталандыру ваучерлік тетікті енгізу жолымен жалғасатын болады. Ол үшін бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы норматив 31 мыңнан 40 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Ваучерлік қаржыландыру кезінде ақша білім беру ұйымына емес, балаға түседі. Бұл дегеніміз, ата-ана өз баласына жеке немесе мемлекеттік, кез-келген балабақшаны таңдай алады және мемлекет оған бөлетін ваучердің қызметтерін төлей алады.
 
Осылайша, мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалайтын білім басқармасы емес, білім беру қызметін тұтынушының өзі болады. Жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балабақшаларда мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу басталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий