Адамгершілік-рухани білім беру ортасы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи шешімдер

2021 жылғы тамыз айының 18-і күні, ZOOM платформасында Facebook парақшасында тікелей трансляциямен, «Адамгершілік-рухани білім беру ортасы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи шешімдер» тақырыбында республикалық тамыз конференциясының панельдік сессиясы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды “Бөбек” орталығының баспасөз қызметі. 

Конференцияға қатысушыларды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибигүл Асылова; «Бөбек» Орталығының бас директоры Елена Сәкенова; «Ата-аналар қамқорлығы» Халықаралық қозғалысының төрайымы, х.ғ.к. Клара Мансурова (Ресей); пс.ғ.д., «Басти Бубу» балаларға арналған мектепке дейінгі мекеменің социологі әрі педагогі Паата Амонашвили (Грузия) және тағы басқалар қарсы алды.

Конференцияға қатысушылар назарына «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейне үндеуі көрсетіліп, әрбір педагогтің кәсіби қызметіндегі басты бағдар болып табылатын еліміздің жас буынының рухани-адамгершілік тәрбиесіне байланысты негізгі идеялар ұсынылды. Елена Сәкенова «өзін-өзі тану» бағдарламасының мақсаты балалар мен оқушы жастардың тұтас адамгершілік-рухани және зияткерлік дамуына бағытталған балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесін жаңғырту болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол қазіргі кезеңде бағдарлама жүзеге асырылып, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие мен оқыту жүйесі жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Бибигүл Асылова өзін-өзі тану мұғалімдеріне Сара Алпысқызы Назарбаеваның Алғыс хаттарын табыстады. Олар педагогтарды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, зор денсаулық пен бақыт тіледі. Конференция барысында білім беру бағдарламаларын әзірлеу, колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде студенттермен жұмысты жетілдіру, педагогикалық колледждерде «өзін-өзі тану» бағдарламасын дамыту перспективалары және тағы да басқа мәселелер қаралды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий