“Шекарасыз математика”: Ақтаулық оқушы халықарлық турнирінде қола жүлде алды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «Е» оқушысы Деміржан Шорман VII «Шекарасыз математика» халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды. Білім ордасының оқушысы 60-тан аса қатысушыдан басым түсті,  деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Турнирдің ақтық кезеңі тамыз айының 6-ы күні Алматыдағы «Тұран» университетінде өтті. Ал оған дейін қатысушылар 31 шілдеден бастап жазғы математикалық лагерьге қатысып, олимпиада тапсырмаларын орындап, есептердің шешімін таптық, – дейді Деміржан. Жазғы лагерь барысында қатысушыларға қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, балалар уақытты қызықты өткізді.

Турнирде мектебімде жетекшім Қадырбек Сансызбайұлының берген білімдері өз нәтижесін көрсетті. Нақты білімге қызығушылығым осы турнирден кейін екі есе артты. Ол үшін мектебіме, жетекшіме, ата-анама алғыс білдіремін, – дейді қола медаль иесі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий