Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру – оқу сапасын арттыру кепілі

2021-2022 оқу жылының өзекті міндеттерінің бірі өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және білімін толықтыру болып табылады. Олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша жұмыс әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Әрине, бұл жұмыс маңызды және өте күрделі. Сондықтан білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша іс-шараларды жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу қажет.

Оқу жылы бойы 5-6-сыныптардағы «Математика», 7-9-сыныптардағы «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінен шектеу шаралары кезінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу және кезең-кезеңмен өткізу ұсынылады.

Бірінші кезең: Кешенді диагностикалық жұмыс жүргізу. Тапсырмалар әзірлеу үшін алдымен өткен оқу жылында қарастырылған оқыту мақсаттарын (тақырыптарды) іріктеп алған дұрыс. Яғни, 5-сыныпқа арналған тапсырмалар білім алушылардың 4-сыныпта, ал 6-сыныпқа арналған тапсырмалар 5-сыныпта қарастырған оқыту мақсаттары негізінде құрастырылады және т.с.с. 1-кестеде 5-9-сыныптарға арналған тапсырмаларды құрастыру үшін алуға болатын оқыту мақсаттары/тақырыптар келтірілген [1-3].

Кешенді диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша шектеу шаралары кезінде білім алушылардың білімінде олқылықтары бар оқыту мақсаттарын (тақырыптарын) және ол мақсаттардың қайсысы жаңа оқу жылында пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтап, жұмыстың келесі кезеңіне көшеміз.

1-кесте

Сынып

Тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған

оқыту мақсаттары/тақырыптар

 

 

 

5-сынып, Математика

 

Тапсырмалар

4-сыныпқа арналған «Математика» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

 

4.1.2.8 – көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

4.1.2.3   – көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдану;

4.1.2.11** – екітаңбалы  санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану;

4.1.2.13 бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы  санды екітаңбалы/үштаңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

4.2.1.7  – төрт  амалдан артық жақшалы және жақшасыз  өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

4.2.1.3 – айнымалысы бар өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану;

4.5.1.7 – үш-төрт амалмен шығарылатын есептерді модельдеу және түрлі әдіспен шығару, ең тиімді әдісті анықтау;

4.2.2.2 –  39+490 : k = 46; 230 · а + 40 = 1000 : 2 түріндегі теңдеулерді шешу

 

 

 

 

 

 

6-сынып, Математика

 

Тапсырмалар

5-сыныпқа арналған «Математика» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

 

5.2.1.2 – әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу;

5.2.2.1арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

5.1.2.5 – натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

5.1.2.6 – натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

5.1.2.12 – екі және одан артық сандардың  ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу;

5.1.2.14 – жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

5.1.2.16 – жай  бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;

5.1.2.20 – аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.21 – жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;

5.1.2.23 – жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

5.1.2.24 – санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.1.2.30 – ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

5.5.1.5 – бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару;

5.1.2.34 – берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35 – бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36берілген пайызы бойынша санды табу;

5.5.1.6 – пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару.

 

 

 

 

 

 

 

7-сынып,

Алгебра

 

Тапсырмалар

6-сыныпқа арналған «Математика» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

 

6.1.2.5 – пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;

6.5.1.1 – шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару;

6.5.1.2 – пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;

6.1.2.6 – шамаларды берілген қатынаста бөлу;

6.1.2.7 – шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;

6.1.1.9 – санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу;

6.1.2.12 – рационал сандарды салыстыру;

6.1.2.13 – таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

6.1.2.14 – рационал сандарды азайтуды орындау;

6.1.2.15 – рационал сандарды көбейтуді орындау;

6.1.2.16 – рационал сандарды бөлуді орындау;

6.1.2.22 – рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау;

6.2.1.9 – алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

6.2.2.3 – бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

6.2.2.4 –  түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;

6.5.1.6 – мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру  арқылы шығару;

6.2.2.9 – сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу;

6.2.2.10 –  түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.14 – бір айнымалысы бар  сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

6.2.2.15 – |x|>a, |x|≥a, |x|<a, |x|≤a теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндеу;

6.3.1.4 – координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;

6.2.1.12 – тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу;

6.2.2.19 – теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

6.5.1.7 – мәтінді  есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу.

 

 

 

8-сынып,

Алгебра

 

Тапсырмалар

7-сыныпқа арналған «Алгебра» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу.

у=ах2, у=ах3 және у=k/x\ (k≠0)  түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері.

Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі.

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

Теңдеу және теңсіздік  құру арқылы  берілген мәтінді есептерді шығару.

Алгебралық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару.

Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

 

8-сынып,

Геометрия

 

Тапсырмалар

7-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.

  Бұрыштың биссектрисасы.

Екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар.

Түзулердің параллельдік белгілері. Параллель түзулердің қасиеттері.

Үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысы.

 Үшбұрыштың сыртқы бұрышы.

Үшбұрыштардың теңсіздігі.

Көлбеу және оның проекциясы.

Центрлік бұрыш.

Шеңберге жүргізілген жанама.

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер.

Салу есептері.

 

 

 

9-сынып,

Алгебра

 

Тапсырмалар

8-сыныпқа арналған «Алгебра» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

 

Арифметикалық квадрат түбір. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру.

Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары.

Виет теоремасы.

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер.

Рационал теңдеу.

   түріндегі теңдеулер.

Рационал теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шығару.

у=аx2+bx+c (а≠0) түріндегі  квадраттық функция, оның қасиеттері және графигі.

Квадрат теңсіздік.

Рационал теңсіздік. Интервалдар әдісі.

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. Квадрат теңсіздіктер жүйесі.

 

 

9-сынып,

Геометрия

 

Тапсырмалар

8-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.

Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы.

Параллелограм, тіктөртбұрыш, ромб және шаршы, олардың қасиеттері және белгілері.

Фалес теоремасы.

Трапеция. Тікбұрышты және теңбүйірлі трапециялар, олардың қасиеттері.

Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы. 

Үшбұрыштың тамаша нүктелері. Үшбұрыштың медианаларының қасиеті.

Пифагор теоремасы.

Шаршының, тіктөртбұрыштың, параллелограммның, ромбтың, үшбұрыштың және трапецияның аудандары.

Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі.

Екінші кезең: Жоспарлау. Екінші кезеңде жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар жасалады. 2-кестеде 5-9-сыныптардағы оқыту мақсаттарын кіріктіру мысалдары келесі кестеде келтірілген. Ал сәйкес келмеген оқыту мақсаттары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке немесе топтық жұмыс жоспарларын әзірлеу ұсынылады.

2-кесте

5-сынып, Математика

5-сыныптың оқыту мақсаттары

4-сыныптың оқыту мақсаттары

5.1.2.3 – санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану;

4.1.2.3 – көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдану

5.1.2.2 – амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және  мәндерін табу;

4.2.1.7 – төрт  амалдан артық жақшалы және жақшасыз  өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

6-сынып, Математика

6-сыныптың оқыту мақсаттары

5-сыныптың оқыту мақсаттары

6.1.2.16 – рационал сандарды бөлуді орындау;

 

5.1.2.23 – жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

5.1.2.30 – ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

5.1.2.31 – ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану;

7-сынып, Алгебра

7-сыныптың оқыту мақсаттары

6-сыныптың оқыту мақсаттары

7.2.1.1 – санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;

6.1.2.13 – таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

6.1.2.15 – рационал сандарды көбейтуді орындау;

6.1.2.16 – рационал сандарды бөлуді орындау;

7.2.1.13 – көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау

6.2.1.6 – коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;

6.2.1.7 – алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді  орындау;

6.2.1.8 – тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу;

6.2.1.9 – алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

8-сынып, Алгебра

8-сыныптың оқыту мақсаттары

7-сыныптың оқыту мақсаттары

8.2.1.2 – үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

7.2.1.10 – қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану

8.1.2.5 – құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

7.1.2.5 – алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану;

7.1.2.14 – тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

8-сынып, Геометрия

8-сыныптың оқыту мақсаттары

7-сыныптың оқыту мақсаттары

8.1.1.2 – көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару;  

7.1.1.17 – үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;

7.1.1.18 – үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;

7.1.1.19 – үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;

9-сынып, Алгебра

9-сыныптың оқыту мақсаттары

8-сыныптың оқыту мақсаттары

9.2.2.2 – екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

8.2.2.3 – квадрат теңдеулерді шешу;

8.2.2.4 – Виет теоремасын қолдану;

8.2.2.7 – квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу;

9.4.2.1 – мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

 

 8.4.2.1 – мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.2 – мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

9.1.3.6 – косинустар теоремасын білу және қолдану;

 

8.1.3.7 – тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін  300, 450, 60– қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс  және котангенсінің мәндерін қолдану;

 

Үшінші кезең: Жүзеге асыру. Жүзеге асыру жұмыстарын сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақытта жүргізуге болады. Атап айтқанда, сабақтар кіріктірілген оқыту мақсаттарымен құрастырылған қысқа мерзімді жоспар негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, үшінші кезеңді ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа сабақтың алдында, каникул күндері (күзгі, қысқы, көктемгі), жазғы мектеп кезінде консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Қосымша сабақтарды ұйымдастыру кезінде үлгілік оқу бағдарламалары бойынша алдыңғы сыныпта қарастырылған келесі тақырыптарды қайталауға және бекітуге ерекше назар аудару ұсынылады: 5-сынып, «Математика» пәні: Сандармен амалдар орындау. Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Санды және әріпті өрнектер. Есептер және математикалық модель;

6-сынып, «Математика» пәні: Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Теңдеулерді шешу. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай саңдар. Ең кіші ортақ еселік. Аралас сандарды азайту. Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану. Жиындардың бірігуі мен қиылысуы. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Мәтінді есептерді шығару. Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері.

7-сынып, «Алгебра» пәні: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.  Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару.  Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Рационал сандарды азайту. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шығару.  Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік.  Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

8-сынып, «Алгебра» пәні: Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Санның стандарт түрі. Көпмүшелерге амалдар қолдану. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Алгебралық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару. Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру;

9-сынып, «Алгебра» пәні: Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Квадрат теңдеулерді шешу. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу. Рационал  теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Квадрат  теңсіздік. Рационал теңсіздік. 7-9-сыныптардағы «Геометрия» пәні бойынша тақырыптардың басым көпшілігі күрделі. Сондықтан оқу бағдарламасы бойынша қарастырылатын оқыту мақсаттарын толығымен қайталау ұсынылады.

ІV кезең: Мониторинг. Төртінші кезеңде білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмысты міндетті түрде талдау қажет. Талдауды әр тоқсанның соңында жүргізу ұсынылады. Сонымен, оқу процесінің басты міндеттерінің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүйелі түрде және оқу жылы бойы жүргізілуі керек. 

Зәуре Әбдікенқызы ЖҰМАҒҰЛОВА,
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның
жетекші ғылыми қызметкері,
педагогика ғылымдарының кандидаты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий