Атырау облысы: “Абай оқуларының” үздіктері анықталды
Жергілікті таланттарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған «Абай оқулары» байқауының аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті. Алты аталымнан тұратын екі күнге созылған сайысқа облыс бойынша 39 оқушы қатысып, өз бақтарын сынаған болатын, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Қорытынды нәтижеге сәйкес 5 оқушы бірінші, 8 оқушы екінші, 12 оқушы үшінші орын иеленсе, 7 оқушыға «Алғыс хаттар» табысталды. Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.
Загрузка...– Жазғы демалысқа қарамай, Ұлы Абайдың ғибратымен сусындап, өз білімін шыңдап жүрген оқушылардың құлшынысына көңіл тояды. Қазіргідей пандемия уақытында осындай шәкірттерді тәрбиелеп жүрген ұстаздардың еңбегі ерен. Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» десе, біздің өнерлі өрендеріміз білімі мен білігін сайысқа арнап, өз өнерін паш етуін ұлы ақынның сөзінен ғибрат алғаны деп білеміз, – дейді байқауды ұйымдастырушылар. Айта кетейік, «Абай оқуларының» республикалық кезеңіне әр номинация бойынша 1 оқушы жолдама алады.