Күн энергиясын тиімді пайдалануға балаларды қалай баулимыз?

Күн энергиясын қолдану қазіргі таңда Маңғыстау облысы үшін жоғары маңызға ие жоба, өйткені аймақта күн сәулелері мен жылудың түсу мөлшері басқа аймақтармен салыстырмалы тұрғыда көбірек. Осы орайда оқушылардың баламалы энергия көзін кеңінен зерттеп, практикалық жұмыстарында қолдануы өзекті.

Мектеп оқушыларының бойынша өзге энергияларды тиімді пайдалану идеясын жүзеге асыруға «Shell Kazakstan» мұнай-газ компаниясының «Күн энергиясы мектептерге» жобасы көп көмегін тигізді. 2019 жылы Ақтау қаласындағы зияткерлік мектепке екі жүзден аса күн панельдері орнатылып, мектептің 30 пайыз электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қоса, аталмыш компания білім ордасының отыздан астам ұстазына арнайы «STEM-идеялар» курсын өткізіп, баланы күн энергиясын тиімді пайдалануға қызықтыру жолдарымен бөлісті, оқушылардың оқу процесіне STEM білімін енгізуге ықпал етті.

Осы курсқа физика пәні мұғалімі ретінде өзім де қатысып, балаларды неге осы тақырыпта қызықты зерттеулер жүргізуге дайындамасқа деген тұжырымға келдім. Сол жылы бұл мәселе төңірегінде ізденуге қызығушылығы бар оқушыларды тауып, жаңа жобалар жасадық. Оқушыларым Гүлназ Жұмахан және Ғаламмадин Асқармен біріге отырып жүргізген «Ауыл шаруашылығында күн батареяларын қолдану және оның тиімділігін актуатор арқылы арттыру» зерттеу жұмысы өз кезегінде үлкен жетістіктерге жетті.

Жобаның негізгі мақсаты «Shell» мұнай және газ компаниясының қаржылай қолдауымен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында 320 күн панелін орнату еді. Жоба барысында зерттеу нысанын негізге ала отырып күн батареяларын қолдану арқылы энергияға кететін қаржылай шығын көлемін азайтуға болатындығына бірнеше рет көзіміз жетті, сонымен қатар, зертханалық тәжірибе нәтижесінде дәлелденді.

Жобаның тағы бір жаңалықтарының бірі – актуатор механизмі. Жоба бойынша жас зерттеушілер актуатордың прототипін жасап шығарды. Актуатордың негізгі міндеті күн панельдерін күннің қозғалу треакториясына қарай бағыттап отыру. Жасалынған тәжірибелер мен есептеулерді сараласақ, актуаторға бекітілген күн панельдерінің ПӘК-і 5-7%-ға дейін артатыны анықталды. Мектепке орнатылған күн панельдерінен алынатын күн энергиясы оқу орнының бір жылда тұтынатын энергия мөлшерінің 30%-ын қамтамасыз ете алады.

Оған қоса, қондырғы оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми жобалар дайындау, есептеулер жүргізу барысындағы зерттеу алаңы ретінде де пайдаланылып, жаңа бастамаларға негіз болмақ.

Ибалы ТОҚТАМЫСОВА,
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің ф
изика пәні мұғалімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

2

Добавить комментарий