Қарағандыда ұйымдастырылған облыстық тамыз конференциясына Жеңіс Қасымбек пен Ғани Бейсембаев қатысты

Қарағанды облысында «Білім алушылардың білімін толықтыру – жаңа оқу жылының басты міндеті» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз конференциясы ұйымдастырылған болатын. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев қатысты, – деп хабарлайды осы академияның баспасөз қызметі.

Дүниежүзі елдерінің білім беру жүйесі былтыр стресс-тесттен өтуге мәжбүр болды. Әлемнің қай елін алып қарасақ та, пандемия кезінде қашықтан оқытудың басты салдары балалардың, әсіресе, әлеуметтік осал топтардан шыққан балалардың білімінде олқылықтар болды. Осы олқылықтардың әсерін барынша азайтуға әрбір ел қолынан келгенше шаралар қабылдағаны белгілі. Мәселен Нидерланд, Чили, Израиль және тағы басқа елдерде жекелеген пәндерді, негізінен математика мен тілдерді оқытуға, балалардың оқу және математикалық сауаттылығын арттыруға басымдық берілсе, Канада, Жапония, Корей, Бразилия, Португалия, Литва және Швеция сынды елдерде оқу жылы ұзартылған.

Өткен оқу жылының басында Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстандағы қашықтан білім беруге мониторинг жүргізді. Зерттеуге оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Зерттеудің нәтижелері, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесін үнемі бақылау біздің мектептерде оқу процесі саясатын айқындау, соның ішінде жазғы мектептердің қажеттілігін анықтауға негіз болды.

– Елімізде пандемия кезінде мектептердің алпыс пайыздан астамы оқу жылы бойы штаттық форматта оқыды (І тоқсанда шамамен 1 млн, IV тоқсанда – 2,2 млн). Ал оқушылардың 30 пайызға жуығы (6, 7, 8 және 10 сыныптар) оқу жылы бойы қашықтан оқыды, – деп мәлімдеді Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев.

Айта кетсек, Ұлттық білім академиясының қызметкерлері 1-11 сынып оқушыларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар әзірлеп, телесабақтарға сараптама жасауға белсенді атсалысты. Республикалық мектептеріндегі оқыту процесін әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қосымша білім беру ресурсы ретінде 13 580 телесабақ әзірленіп, цифрлық платформаларда жарияланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий