“Алғашқы қоңырау”: Атырау мектептерінде бірінші сынып оқушылары үшін соғылады

Салтанатты іс-шара қыркүйек айының 1-і күні мұнайлы аймақтың барлық мектептерінде өтеді. Оған бірінші сынып оқушылары қатысады. Бұл туралы онлайн брифингте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова айтты, – деп Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

– Биыл облыста 135 мыңға жуық мектеп оқушысы офлайн форматта оқиды. Оның 14 241 -і бірінші сынып оқушылары. Мектептердегі іс-шара тек бірінші сынып оқушыларының қатысуымен ашық аспан астында өткізіледі. Аталған іс-шарада «Әліппе» табысталады. Сондай-ақ, алғашқы қоңырауға ата -ананың біреуі ғана қатыса алады, – дейді Айнагүл Дүйсекенова. Айта кетейік, биыл бірінші сыныпқа өткен оқушылардың 98%-ы Egov.kz порталы арқылы құжат тапсырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий