Оралдық ұстаз – ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгісімен марапатталды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы ұйымдастырылғаны баршаға белгілі, – дейді Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірқатар мұғалімдерді Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапаттаған еді. Осы бір топ үздіктердің құрамында «Орал ақпараттық технологиялар колледжі», директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Бисалиева Жазира Енсеповнаға «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі берілді.  

Бисалиева Жазира Енсеповна – 1971 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында дүниеге келген. 1993 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «химия және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2016 жылы – “ТжК білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы”АҚ-ның Алғыс хатымен марапатталып, 2016 жылы – “Үздік педагог” атағын иеленген.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий