“Ыбырайдың ізімен”: Әуесқой велошабандоздар Нұр-Сұлтан – Қостанай велошеруіне аттанды

«Нұр-Сұлтан – Қостанай» велошеруі тамыз айының 23-і күні сағат 9:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойындағы педагог-ағартушыға орнатылған тақтатас жанынан бастау алды. Веломарафон Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды осы академияның баспасөз қызметі. 

Қатысушылардың барлығы – әуесқой велошабандоздар. Іс-шараның мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірін, бай мұрасын және ізбасарларының еңбегін танытуға, насихаттауға атсалысу; Қалың жұртшылықты, әсіресе, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеу; Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сезіну және сезіндіру, патриотизмді насихаттау; Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны, табиғатты аялауға үндеу.

Веломарафонның ұзақтығы – 750 шақырым. Велошеру бір бағытқа (Нұр-Сұлтан – Қостанай) жасалады және 6 күнге созылады. Велотоп Қостанай қаласына жеткен соң осы қаланың іргесіндегі Ы.Алтынсарин кесенесіне баруды, Ы.Алтынсарин мемориалдық музейімен танысуды және Ы.Алтынсарин атындағы мектепке баруды жоспарлап отыр. Велотоп бес адамнан тұрады:

Ернат Мелсұлы – бастамашы (инициатор), ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы, «Хабар 24» телеарнасында шетелдік шолушы, журналист, 1982 жылы туған. 2018 жылы 500 шақырымдық «Астана – Ақтоғай», 2019 жылы 208 шақырымдық «Қарағанды – Жаңаарқа», 2020 жылы Абайдың 175 жылдығына арнап 1088 шақырымдық «Нұр-Сұлтан – Жидебай» велошерулерін ұйымдастырған. Қайрат Ырғызбаев – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, зейнеткер, ҰКҚ запастағы подполковнигі, пенсионер, 1964 жылы туған. 2019 жылы бүкіл қазақ жерін аралап, 7 мыңнан астам шақырымды артта қалдырған (осы тізімдегі Эрнст Баймұхамбетов екеуі). «Қостанай велоқауымдастығының» мүшесі.

Түгелбек Қасымов – Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер, ардагер-ұстаз, 1945 жылы туған. 76 жастағы ақсақал «Атом қаруына жол жоқ!» деген ұранмен 2016 жылы Жапонияға велосипедпен барған. Ол 40 елді велосипедпен аралап шыққан. Эрнст Баймұхамбетов – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, ҚР Президентінің Күзет Қызметінің (қазіргі ҚР Мемлекеттік Күзет қызметінің) отставкадағы полковнигі, зейнеткер, 1955 жылы туған. 2019 жылы бүкіл қазақ жерін аралап, 7 мыңнан астам шақырымды артта қалдырған (осы тізімдегі Қайрат Ырғызбаев екеуі).

Қазыбек Бекеев – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, инженер болып жұмыс істеген, зейнеткер, 1954 жылы туған. Бұған дейін «Петропавл – Алматы» бағытында 1800 шақырымды велосипедпен 104 сағатта жүріп өткен. 

ВЕЛОШЕРУ БАҒДАРЫ:

Бағдар

Шақырым

Күні

Апта күні

1 күн

Нұр-Сұлтан – Астрахан

140

23 тамыз

Дүйсенбі

2 күн

Астраханка – Атбасар

140

24 тамыз

Сейсенбі

3 күн

Атбасар – Жақсы

90

25 тамыз

Сәрсенбі

4 күн

Жақсы – Октярьское

142

26 тамыз

Бейсенбі

5 күн

Жаныспай – Әулиекөл

120

27 тамыз

Жұма

6 күн

Әулиекөл – Қостанай

110

28 тамыз

Сенбі

Барлығы:

       742 (болжалды қашықтық)

7 күн

Нұр-Сұлтанға қайту, пойызбен

 

29 тамыз

Жексенбі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий