Білім – адамзат мәдениетінің ең қымбат қазынасы

Қадірлі ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Ардақты әріптестер! Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Білім – адамзат мәдениетінің ең қымбат қазынасы. «Білекті – бірді жығады, білімді – мыңды жығады»,- деп дана халқымыз айтқандай, өркениет көшіне ілескен тәуелсіз еліміз үшін ең басты мәселе –  бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Әлемді жайлаған коронавирус кеселінің кесірінен екі жылға жуық оқушылар мен студенттер денсаулығы мен  амандығын сақтау үшін қашықтан білім алуға мәжбүр болған еді. Биыл барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жас өрендерін құшақ жая қарсы алады. Мектеп — тәлім-тәрбие ортасы болса,  оның жүрегі – мұғалім.

«Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл»  деп тегін айтылмаса керек. Білім сапасын арттырудағы ұстаздардың игі бастамаларына педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық шабыт тілеймін. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз жемісті болсын, қадірлі әріптестер! Биылғы оқу жылы баршаңызға сәтті, табысты болғай. Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Айгүл МҰҚАШЕВА,
“Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы”
қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий