Дуальды оқыту жүйесі – сапалы білім кепілі

Оқу орнында теориялық оқытуды және өндірістегі өндірістік оқытуды біріктіретін ең танымал оқыту түрі – теория мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоятын екі жақты кәсіби білім беру жүйесі. Техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту мақсатында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде дуальды оқыту жүйесін енгізуді тапсырды. Еліміздегі компаниялар мен кәсіпорындарға шұғыл түрде дуалдық оқыту жүйесіне араласуға тапсырма берді. Осы талапты орындауда техникалық және кәсіптік білім  беретін оқу орындарына үлкен міндеттер жүктелген.

Дуальды оқыту жүйесі елімізде 2012 жылдан бастап енгізілді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші өндіріс, шаруашылық мекемелермен серіктестік ретінде бірлесе отырып, жаңа инновациялық – технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Аталған жүйе оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасаса, жұмыс берушілер үшін өздеріне қажетті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде оқытудың тиімді жобасы дуалды жүйесі кәсіптік техникалық колледждерде жұмысшы кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдары.  Дуальды оқыту кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірісте бірге оқыту. Бұның ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық колледждер ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің де жауапкешілігі артады. Қазіргі кезде еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы болып қол күші жетпей жатады. Қалыптасқан жағдайда білім беруді ұйымдастыру, яғни жас маманның өндірістік машықтандырудан толық кәсіпті игеруіне жағдай жасау.

Бұл мақсатқа жетудің жолы негізі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, білім алушылардың кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы-өз мамандығын жетік білетін кәсіби дағдылары педогогикалық дарыны бар жаңашылдыққа ұмытылатын өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қажет. «Білімді үйреніп басқаларға үйрету-халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірбиелі, білімді мамандардың қолында» – деп бекер айтылмаса керек. Білгенін басқаларға үйрету үлкен сауапты іс деп ойлаймын.

Ол үшін білікті де тәжірбиелі оқытушылармен өндірістік базасында, жұмыс орнында жұмыстың әдістерін, қыр сырын үйлесімімен үйреніп сұранысқа ие нағыз өз ісінің шебер иесі болуға тырысу. Теориялық біліммен қатар өндірістік машықтану кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағдарланған құрылымдармен, сондай-ақ кәсіптік техникалық колледж білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін енгізу жан-жақты талқылануы қажет. Әлемдік тәжірбиеге қарағанда, білім берудің дуальды жүйесі мамандықты толықтай игеруіне ықпал етіп, еңбек өнімділігі артады және жұмыссыздық азаяды. Дуальды білім беруде бастысы әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста болу.

Еңбек нарығы жағдайларына байланысты кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік мекемелермен келісе отырып, өндірістік машықтандыруды жүзеге асыру бойынша бірігіп дуалды оқытуда мамандар дайындауда – әдістемелік мәселелер бойынша келісім – шарт міндеттерін жасау. Студенттердің қызығушылығы мен мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын арттыру. Дуальды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды.

Сонымен бірге оқу орнына да, мекемелерге де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп, халықтың жұмыссыздығы кемиді. Бұл біздің техникалық және кәсіптік білім беретін колледждердің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылатады деп сенеміз. Өндіріс орындарының сұранысы негізінде кәсіби деңгейі жоғары көп салалы маман даярлауда колледж қосымша жұмысшы мамандықтарды оқытуды қажет етеді. Көп салалы мамандықтарды даярлаудың, қосымша мамандықтарды игерудің негізгі түсінігі тәжірбиедегі уақыттарын тиімді пайдалану өндіріс орындарымен келісілген оқу жоспары арқылы жүргізіледі.

Қазіргі кезде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары заманымызға сай жаңару мен даму үстінде. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуальды оқытудың артықшылығы – ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайзын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді

Дуальды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады.  Дуальды білім беру жүйесі оқу үрдісінде колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет. Дуальды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет.

Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру екі жаққа да тиімді. Қазір дуальды оқыту жүйесі арқылы болашақ мамандарды жұмыспен қамту жолға қойылуда. Жүйе техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша еліміздің  техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша еліміздің 348 колледжінде жүргізіледі. Оған 22 мың студент тартылып, 1718 кәсіпорын қатысады.

Қазалы аграрлы техникалық колледжі  2014 жылдан бастап дуальды оқыту бойынша төрт мамандық бойынша көшірілді. Атап айтсақ, «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану», «Ауылшаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Ветеринария» мамандықтары. Дуальды оқыту жүйесіне негізделген әлеуметтік серіктестермен Кәсіпорын – Колледж – Студент үш жақты келісім – шарт жасалды.

Келісім – шарт техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының негізінде құрылды. Ондағы басты негіздер – оқу процесінің ғылыми және әдістемелік жұмыстарын бірігіп орындауы, оқу процесіне өндіріс мамандарын араластыруы, кәсіпорындарда өндірістік оқыту орындарының ұйымдастырылуы қарастырылды. Колледждің дуальды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестері – «Жылу ХХІ»ЖШС , «РЗА Транс»ЖШС, «Сыр Маржаны»ЖШС, «РЗА Асыл түлік» ЖШС. Дуальды оқыту – теория мен өндірісті ұштастыратын бірден – бір технология.

Қаршыға АРЗАҚЫНОВ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
директорының оқу – өндірістік
жұмыстары жөніндегі орынбасары,
Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий