Рухани адамгершілік тәрбиесі – тәрбиенің өзегі
Бүгін, яғни 2021 жылғы тамыз айының 25-і күні «Бөбек» Орталығының «Өзін-өзі тану» Гуманитарлық колледжі директорының орынбасары Шолпан Кисимбетова тікелей эфирде «Рухани адамгершілік тәрбиесі – тәрбиенің өзегі» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.
Ол өз сөзінде қайырымдылық және волонтерлік жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын «Өзін-өзі тану» колледжінің студенттерінен құрылған «Руханият» еріктілер клубы жұмыс жасайтынын атап өтті. Студенттерге арналған көптеген әртүрлі мәдени-көпшілік, спорттық шаралар, экскурсиялар, байқаулар, концерттер ұйымдастырылып, жастардың шығармашылық қабілеттері мен көпқырлылықтарын ашуға мүмкіндік беретін секциялар мен үйірмелер жұмыс жасайтыны да айтылды.
Загрузка...