Виртуалдық көрме: “Менің Отаным, менің құқығым”

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Менің Отаным, менің құқығым» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Махамбет Өтемісұлы атындағы елордалық Оқушылар сарайының баспасөз қызметі.

Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналған құндылық. Осы орайда ұйымдастырылған көрме бейнелеу өнері үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында өткен сурет байқауының нәтижесі негізінде жүзеге асты. Көрменің мақсаты – балалардың бойындағы патриоттық сезімді дамыту, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Арнайы іс-шараға байқауда үздік деп танылған 20 сурет қабылданды. Тәрбиеленушілер өз суреттерінде тақырыпқа сай балалардың өмір сүру, білім алу, денсаулығын сақтау, демалу, даму сынды құқықтарын бейнелеп көрсетті. Виртуалды көрме біздің қосымша білім беру орталығының әлеуметтік желілері мен ресми сайтында жарияланған болатын. Көрмеге қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий