Қостанай облысының білім беру жүйесін жаңғырту – тұрақты даму кепілі

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен бейне конференция байланыс режимінде жергілікті білім беру қызметкерлерінің қатысуында “Қостанай облысының білім беру жүйесін жаңғырту – тұрақты даму кепілі” тақырыбымен тамыз кеңесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тамыз кеңесінің жұмысына өңірдегі аудандар мен қала әкімдері және әкімдердің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің басшылары, облыстық ұйымдардың директорлары, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Пленарлық отырыс барысында дамудың стратегиялық бағдары аталып, өткен жылдың қорытындысы шығарылды.

Облыстың білім беруді одан әрі дамыту, білім беру қызметтерінің сапасын арттырудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі, техникалық және кәсіптік білім беру саласының жаңалықтары мен жетістіктері, педагог мәртебесін арттыру үшін үздіксіз білім беру, сондай-ақ отбасы мен мектептің табысты өзара іс-қимыл факторлары қаралды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий