Шәкірттері мақтаулы математик ұстаз

Елена Николаевна Мищенко – Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте «педагог – зерттеуші» санатты математика пәнінің мұғалімі. Педагогикалық қабілеті шебер, шығармашылықпен жұмыс жүргізетін, шәкірттерінің білім, білік дағдыларын жетілдіре отырып, сапалы білім беріп қана қоймай болашаққа жол сілтеп, кәсіби бағдар беріп отыратын дарынды ұстаз, – деп хабарлайды Бөрлі аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Ол – мамандығын шексіз сүйетін, өз ісінің шебері. Математика пәнін терең, жан-жақты білетін ұстаз өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген. Елена Николаевнаның әр сабағы мазмұны жағынан үздік құрылған, ауызша есептеуден күрделі есептер шығаруға арналған түрлі тапсырмаларды  жұптық, топтық жұмыс түрлері арқылы оқушылардың қызығушылығын тудырып, оларды ізденімпаздыққа баулып, логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ете біледі.

2016 жылы Орал қаласында өткен «Естественно-научное и математическое образование: современные методики и инновации, опыт практического применения» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Развитие функциональной грамотности учащихся на уроках математики» тақырыбында шебер-сынып көрсетіп, сертификат иеленді. 2021 жылы «ХХІ ғасырдың білім беру парадигмасы: жаңа үрдістер, тәсілдер мен технологиялар» атты халықаралық ғылыми–практикалық онлайн–конференцияға қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі–ол сабақ беретін сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығының жоғары болуы. Оның шәкірттері көптеген аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен халықаралық зерттеу жобалары конкурсында оқушылары жүлделі орындар иеленіп, ұстаздарының үмітін ақтап жүр. Еңбегі еленіп, 2017 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет» Грамотасымен, 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталды.

Оқушыларының жетістіктері де мол. Атап айтсақ, 2014 жылы аудандық олимпиадада 10-сынып оқушысы Жадриев Аян III орын, 2016 жылы 11-сынып оқушысы Абугалиев Азат III орын, 10-сынып оқушысы Новожилова Вера III орын иеленді. 2017 жылы 9-сынып оқушысы Альжанов Дияс аудандық олимпиадада III орын, аудандық А.Д.Тайманов атындағы олимпиадада II орын, аудандық «За семью печатями» конкурсында II орын иеленді. 11-сынып оқушысы Дусмаилова Камилла аудандық А.Д.Тайманов атындағы олимпиадада II орын, 11-сынып оқушысы Новожилова Вера аудандық олимпиадада III орын иеленіп жеңіске жетті.

2017 жылы 11-сынып оқушылары Будник Екатерина мен Диханова Гульназ Х.Доспанова атындағы «Алгоритм» журналының физика-математикалық республикалық турниріне қатысып, сертификат иеленді. 2018 жылы 10-сынып оқушысы Альжанов Диас аудандық пәндік олимпиадада математика пәнінен III орынға ие болды. 2018 жылы 11-сынып оқушысы Новожилова Вера Республикалық қашықтық олимпиадасында (КИО) II орын, облыс бойынша I орын иеленді. 2019 жылы 8-сынып оқушысы Прохорова Алина Республикалық қашықтық олимпиадасында (КИО) III орын, облыс бойынша II орын, аудан бойынша III орынды иеленді.

2020 жылы 9-сынып оқушысы Прохорова Алина Республикалық қашықтық олимпиадасында (КИО) II орын, облыс бойынша I орын, аудан бойынша III орынды иеленді. Сонымен қатар, 2020 жылы 6-сынып оқушылары Амангельды Оспандияр мен Байтемирова Динара Республикалық қашықтық олимпиадасында (КИО) облыс бойынша III орын, аудан бойынша I орынды, 6-сынып оқушысы Карнаухов Данил II орынды иеленді. Д.Байтемирова, М.Маврешко және Е.Кудайбергенов, С.Ткаченко, С.Ким математика пәнінен «Жас математик»  Республикалық пәндік олимпиадасында I дәрежелі диплом иеленіп, жетекшілері Е.Н.Мищенко алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылы Халықаралық «Кенгуру – математика для всех» байқауында 8-сынып оқушылары  А.Прохорова мен С.Ищанова,  2020 жылы 8-сынып оқушысы М.Маврешко III орынға ие болды. 2020 жылы 5-6 сынып оқушыларына арналған аудандық олимпиада оқушысы Ж.Нұрыш ІІІ орын иеленсе, «Ақ желкен» математикалық регатада А.Прохорова ІІІ орынмен марапатталды. 2020 жылы өткен жалпы білім беретін бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Прохорова Алина ІІ орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадада С.Ищанова ІІІ орын иеленді.

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІ Халықаралық Прохова Алинаның жұмысы үздік деп танылып, «Күміс медаль» иегері атанды. Елена Николаевна өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, айналасындағы жандардан көмегін алмайтын, еңбекқор жан. Әріптестері, ата-аналар және оқушылары арасында үлкен беделге ие, сыйлы ұстаз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий